6050 Күнделікті сағат 9:00-дан 20:00-ге дейін
РусскийKazakh
 

Moneyman несиелер:

  • 200 000 тенгеге дейiн
  • Үйден шықпай-ақ
  • Рәсімдеу 10 мин. ішінде
  • Жауабы 5 мин ішінде
  • Ақша 24 сағат ішінде
Қарызды алу

ЖШС «Онлайн Финанс» Несие беру шарттары мен қызмет көрсету ережесі

Қарыздар беру және қызмет көрсетудің осы Ережелері (әрі қарай – Ережелер) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленді және «Онлайн Финанс» ЖШС (Серіктестік) пен қарызгер болып табылатын жеке тұлға (әрі қарай мәтін бойынша – клиент) арасында Клиенттің Серіктестіктен қарыз алуына байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Ережелерде Қарыз келісімшарты бойынша құқықтар мен міндеттер тізімі, сондай-ақ Тараптардың Қарыз келісімшартының шарттарын тиісінше орындауға қажетті ақпарат бар.

1ТАРАУ. ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

Осы Ережелерде бас әріппен жазылған, төменде көрсетілген терминдердің келесідей мағыналары бар:

Акцепт (Құптау) – Серіктестіктің Қарыз сомасын аудару немесе Қарыз келісімшартының мерзімін ұзарту, немесе Клиенттің Қарыз келісімшарты бойынша қарыздық борышын қайта құрылымдау арқылы көрсетілген Клиент Офертасының шарттарымен келісуі;

Сауалнама – Клиент Серіктестіктің сайтын тіркелген кезде өз бетінше берген Клиент туралы мәліметтер бар құжат;

Сыйақы – Келісімшарттың талаптарына сәйкес Клиенттің қарызды пайдаланғаны үшін  Серіктестікке тиесілі жылдық өлшемнің есебінен пайыздық көрсеткішпен белгіленген төлем сомасы;

Төлемдер кестесі (қайта құрылымдау кезінде) – Қарыз сомасы, қарызды өтеу тәсілі, қарызды беру және өтеу, Қарыз бойынша сыйақы мерзімі, Клиенттің төлеуі тиіс ақша сомасы (кезекті төлемдер мерзімі мен мөлшері) туралы ақпаратты қамтитын құжат;

Ақшалай аударым – Серіктестіктің Клиентке ақшаны Клиенттің банк шотына аударуы;

Қарыз келісімшарты (әрі қарай мәтін бойынша - Келісімшарт) – Серіктестік пен Клиент арасында Клиентке  Клиенттің Офертасына Акцепт (Құптау) арқылы Қарыз беру туралы Серіктестік пен Клиент арасындағы жасалған келісімшарт;

Қарыздық борыш – Клиенттің Серіктестікке төлеуге тиісті, Негізгі қарыз сомасын, қарызды пайдаланғаны үшін есептелген, бірақ төленбеген сомасы, комиссиялар, айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және осы Ережелерде және/немесе Қарыз келісімшартында қарастырылған басқа да төлемдерді қоса алғандағы барлық ақшалай сома;

Қарыз — мерзімділік, төлемділік және қайтарымдылық шарттары бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысы жоқ, тұтынушылық мақсаттарға Қарыз келісімшартының шарттарына сәйкес Серіктестік Клиентке Қазақстан Республикасының валютасымен – теңгемен беретін ақша;

Өтінім – Клиенттің Қарыз беру туралы Оферта түріндегі ұсынысы бар Серіктестіктің белгілеуі бойынша құрастырылған құжат;  

Клиенттің жеке кабинеті – Қарыз беру мен Клиенттің Қарызды қайтаруына байланысты Серіктестік пен Клиенттің арасындағы өзара іс-қимылдың электрондық механизмі;

Жаңа клиент – алғашқы рет нөл пайыз Сыйақы мөлшерлемесі акциясымен Серіктестікпен Қарыз келісімшартын жасасқан клиент;

Клиент – Клиенттің Өтінімінде мазмұндалған, жасаған ұсынысының (Офертасы) негізінде Серіктестік Қарыз келісімшартын жасасқан жеке тұлға;

Серіктестік - «Онлайн Финанс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН  131040003706, мемлекеттік тіркеу нөмірі 5505-1910-02-ТОО (ИУ) 08.10.2013 ж., орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ.,  Панфилов к., 98, 5 қабат, 1 Блок, Литер «А» .

Негізгі Қарыз —Тараптар арасында жасалған Қарыз келісімшарты аясында Клиенттің Серіктестіктен алған, Клиент қайтармаған (өтелмеген) ақша сомасын білдіретін Клиенттің қарыздық борышының бір бөлігі;

Оферта – Клиенттің осы Ережелерде баяндалған талаптарға сәйкес  Серіктестікке Қарыз шартын құру туралы ұсынысы қамтылған осы Ережелердің  қарыз шартын құру ұсынысы жасалған Клиенттің Серіктестікке беретін Өтінімдегі Қарыз келісімшартын жасау туралы ұсынысы, немесе Қарыз Шартының әрекет ету мерзімін ұзарту туралы ұсынысы;

Әлеуетті Клиент – Серіктестікпен Қарыз келісімшартын жасау ойы бар жеке тұлға;

Құпиялылық Саясаты – Серіктестікте Клиенттер мен Әлеуетті Клиенттердің дербес мәліметтерін сақтау мен өңдеу жүзеге асырылатын  Серіктестіктің ішкі құжаты;

Қайта құрылымдау – Қарыз келісімшартының шарттарын, ішінара: Қарыз беру мерзімін өзгерту (оны ұзарту), Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерін, Клиенттің мойнындағы Қарыздық борышының мөлшерін өзгерту, сондай-ақ бұл ретте Төлемдер кестесін құрастыру;

Сайт – www.moneyman.kz мекен-жайы бойынша орналасқан Серіктестіктің ғаламтор-беті;

Есепшот – Клиентке Оферта мен осы Ережелерге сәйкес Қарыз сомасы аударылатын Клиенттің банктік есепшоты (банктің реквизиттері бар банктік есепшоттың нөмірі).

Осы Ережелерде көрсетілген терминдер Өтінімдерге, Офертаның Акцепті (Құптауы) кезінде жасалған Қарыз келісімшарттарына және осы Ережелер бойынша Клиент пен Серіктестіктер арасындағы қатынастардың туындауына байланысты рәсімделеді, егер құжаттардың өзінде басқаша түсіндіру белгіленген болмаған болса таралады.

2 ТАРАУ. ҚАРЫЗ АЛУ ҮШІН ЖҮГІНУ ТӘРТІБІ

2.1. Серіктестік Қарыз алуға берілген Өтінімдерді келесі шарттар сақталған кезде ғана қарастырады:

2.1.1. Әлеуетті Клиент Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

2.1.2. Әлеуетті Клиент 18 (он сегіз) жасқа толған;

2.1.3. Әлеуетті Клиент Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркелген.

2.2. Келісімшарт Клиент Офертасын Серіктестіктің Акцепті (Құптауы) арқылы жасалады;

2.3.  Оферта Серіктестіктің Сайтында орналастырылған Серіктестікпен белгіленген нысанда құрылады;  

2.4.  Серіктестікке Қарыз алуға Офертаны бірінші рет жіберіп отырған Клиентке Қарыз беру 75 000 (жетпіс бес мың) теңгеден аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Бұрын Серіктестікпен қарыз келісімшартын жасасқан және өз міндеттерін тиісті ретімен, яғни толық көлемде және Шартпен белгіленген мерзімде орындаған Клиент қайтадан (екінші рет және одан кейін) жүгінген кезде, Қарызды 200 000 (екі жүз  мың) теңге мөлшерінде алуына болады;

2.5.  Қарыз Келісімшартының сомасы мен қолданыс мерзімін Клиент Офертада өз бетінше көрсетеді;

2.6.  Клиент қарыздың берілген сомасын және Қарызды пайдаланғандығы үшін есептелген сыйақыны Келісімшартпен белгіленген тәртіп пен мерзімде беруге міндеттенеді;

2.7. Қарыз алу ойында бар Әлеуетті Клиент Сайтқа орналастырылған сауалнаманы толтыру арқылы Сайтта тіркелуі тиіс. Сөйтіп Әлеуетті клиент Серіктестікке келесі ақпаратты беруге келісім береді: тегі, аты, әкесінің аты; жынысы; туылған күні мен жері; жеке куәлігінің мәліметтері; ЖСН; тұрғылықты жері мен қандай негізде екендігі (жалдама немесе тұрғын үйдің Әлеуетті клиенттің жеке меншігінде болуы), отбасылық жағдайы, балаларының саны, меншігінде көлік құралының болуы, көлік құралының тіркеу нөмірі (егер бар болса); білім деңгейі; жұмыспен қамтылуы туралы мәліметтер; айлық табысының мөлшері; келесі жалақының күні; өмір сұріп отырған өңірі; телефон нөмірі; үй телефонының нөмірі (бар болса); жұмыс телефонының нөмірі (бар болса); электрондық пошта;

2.8. Сауалнама толтырған кезде Клиент қажетті жолдарды (банктік картаның реквизиттерін, банктік есепшоттың нөмірі мен банктің реквизиттерін) толтыра отырып, қарыз алу тәсілдерінің ұсынылған нұсқаларының бірін өз бетінше таңдайды;

2.9.  Әлеуетті Клиент, келісім береді:

2.9.1.Серіктестіктің ол өзі Сайт арқылы Серіктестікке ерікті түрде, өз бетімен және өзінің мүддесі үшін SMS-хабарламалары арқылы, Қазақстан Республикасының дербес мәліметтерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес кез келген байланыс құрылын пайдалана отырып, ауызша және жазбаша нысанда беретін оның дербес мәліметтерін өңдеуді жүзеге асырады. Бұл жерде дербес мәліметтерді өңдеудің астарында осы тұлғалардың Келісімшарт бойынша мерзімі өткен қарыздық борышты Клиенттен өндіріп алуға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалған Қарыз келісімшарты аясында Серіктестіктің дербес мәліметтерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, дара биліктен айыруға, оқшаулауға және жоюға бағытталып жасаған әрекеттерінде түсіндіріледі;

2.9.2.Қарыз келісімшартын жасау немесе Қарыз беруден бас тарту мақсаттары үшін дербес мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ Клиент Қарыз келісімшарты бойынша өз міндеттерін бұзған жағдайда Қарыз келісімшартына сәйкес ақшаның тиісті сомаларын соттық немесе сотқа дейінгі тәртіппен өндіріп алуға;

2.9.3.Серіктестік Қарыз келісімшарты бойынша Клиент өзінің міндеттерін толығымен тиісінше орындаған сәтке дейін барлық алынған дербес мәліметтерді пайдалануға құқылы. Әлеуетті Клиент Серіктестіктен Серіктестіктің қызметтері мен акциялары туралы жарнамалық материалдарды алуға келісім береді;

2.9.4.Серіктестік Клиенттің төлемдік қабілетін анықтау мақсатында Клиент туралы кез келген үшінші тұлғадан ақпарат сұрауға құқылы;

2.9.5.Серіктестік Клиент туралы мәліметтерді несиелік бюроға беруге және несиелік бюроның Серіктестікке Клиент туралы несиелік есеп беруіне Клиенттің келісімі алынған. Несиелік бюроны таңдау құқығы Серіктестікке беріледі.

2.10. Әлеуетті Клиент, Серіктестіктің Әлеуетті Клиентке Клиент Серіктестіктің Сайтындағы Сауалнаманы толтырған (тіркелген) кезде Клиент көрсеткен ұялы телефонға жіберген арнайы кодты Сайттағы Клиенттің Жеке кабинетінде белсендіру арқылы толтырылған байланыс мәліметтерінің дұрыстығын растауы тиіс.

2.11. Егер де Әлеуетті Клиент осы Саясатта көрсетілген шарттармен Қарыз алуға келіскен жағдайда, ол Серіктестіктің Сайтындағы Жеке Кабинеті механизмін пайдалана отырып Серіктестікке Оферта жіберіп, Келісімшарт жасауға өзінің келісімін растауы тиіс.

2.12. Клиент пен Серіктестік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395 бабының ережелеріне сәйкес  

    1) ондағы көрсетілген Клиентті сәйкестендіретін ақпарат (Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің мәліметтері, ЖСН, Клиенттің тіркелген жері, ұялы телефонның нөмірі, электрондық поштаның мекен-жайы);

    2) сондай-ақ арнайы код бар Офертаны Клиент өзінің өз қолымен қойылған қолының баламасымен (сәйкестендіруші ақпараттың жиынтығымен) тиісті түрде қол қойды деп саналатындығына келісті.

2.13 Тармақ: Серіктестікпен алынған Оферттер Әлеуетті Клиентпен қайта шақырылмайды. Егер Әлеуетті Клиент Серіктестің Акцептінен кейін оферттерден және қарыз сомалары аударылғаннан кейін Қарыздан бас тартатын болса, Әлеуетті клиент Серіктестік қарызды берген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ағымында Серіктестікке Қарыз сомасынан 10 % (он пайыз) мөлшерінде айыппұл төлеп, Серіктестіктің банктік есеп-шотына Қарыз сомасын қайтарады. Әлеуетті Клиенттің осы тармақта көрсетілген шартты бұзуы Әлеуетті Қарыз алушы Қарыз шартымен келісу фактісін растайды және  Қарыз талаптарының Шартымен қарастырылған талаптарды орындау бойынша Әлеуетті Қарыз алушының міндетін туындатады;

2.14. Серіктестік ұсынылған Офертасын Құптау сәтіне дейін осы Ереежелерде қарастырылған қызметтерді ұсынуға және міндеттемелерді атқаруға міндетті емес;

2.15. Серіктестік келісімшарт бойынша өзінің құқық талаптарын кез келген үшінші тұлғаға толығымен немесе ішінара беруге құқылы, сонымен бірге:

2.15.1. Серіктестік осылайша беруді жүзеге асыруға қажетті Қарыз, Қарыздық борышты, Клиент туралы ақпаратты,  үшінші тұлғаларға, сондай-ақ оның агенттеріне және басқа да ол уәкілеттендірген тұлғаларға ашуға, сондай-ақ мұндай тұлғаларға Келісімшарт бойынша сәйкес, соның ішінде Өтінім бойынша құжаттарды беруге;

2.15.2. Келісімшарт бойынша Серіктестік өзінің талап ету құқықтарын толығымен немесе ішінара берген Серіктестік немесе тұлға, сондай-ақ оның агенттері немесе ол уәкілеттендірген оның агенттері Клиентке берілген талап ету құқықтарына қатысты төлемдерді жүзеге асыруға арналған есепшотты көрсетіп (Келісімшарт бойынша Серіктестіктің берген талап ету құқықтары туралы сәйкес құжаттарды қоса беріп) жасалған берушілік туралы хабарламаны жібереді/береді. Бұл жағдайда Клиент берілген талап ету құқықтары бойынша өз міндеттерін орындауға сәйкес хабарламада көрсетілетін есепшотқа және сол тәртіпте жүзеге асыру тиіс.  

3 ТАРАУ. ӨТІНІМДІ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ

3.1. Серіктестік Әлеуетті Клиенттің Серіктестікке Офертті жіберген мерзімнен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, Әлеуетті Клиенттің Офертте көрсеткен мөлшерде және шартпен Қарызды беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

3.2.  Серіктестік Қарызды беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді, Әлеуетті Клиент берген Оферта, сондай-ақ Әлеуетті Клиенттің Өтінімде ұсынған, кез келген қосымша ақпараттар негізінде қабылдайды;

3.3.  Серіктестіктің келесі жағдайларда Әлеуетті Клиентке Қарыз ұсынбауға құқығы бар:

3.3.1. Клиент ұсынған ақпаратта Клиенттің ықтимал төлем қабілетсіздігі дәлелденгендіктен, Серіктестіктің Қарыз уақытылы қайтарылмайды деп ойлауға негізі болғандықтан;

3.3.2. Әлеуетті Клиент туралы деректердің, осы Ережеде белгіленген, Қарыз ұсыну талаптарына сәйкес келмеуі;

3.3.3. Әлеуетті Клиент ұсынған ақпарат анық болып табылмағанда;

3.3.4. Әлеуетті Клиенттің бұрын ұсынылған Қарыз бойынша Серіктестік алдында өтелмеген берешегі болған жағдайда (оның ішінде,  қайтару мерзімі Клиенттің қайта Қарыз сұрап өтінген кезінде аяқталмаған Қарыз бойынша берешек);

3.3.5. Клиенттің несиелік тарихында Клиенттің үшінші тұлғалар алдында өзінің міндеттемелерін дұрыс орындамағаны туралы мәлімет болған жағдайда.

3.4. Серіктестік Әлеуетті Клиентке Қарыз беру туралы немесе  Қарыз беруден бас тарту туралы қабылдаған шешімі туралы кез келген қол жетімді әдіспен, оның ішінде Өтінімде Әлеуетті Клиент көрсеткен электрондық поштасы арқылы да хабарлайды;

3.5.Серіктестік Қарыз беру туралы шешімді қабылдау мақсатында сұратуға және бұл жағдайда Әлеуетті Клиент Серіктестіктің: pass@moneyman.kz мекен жайына мыналардың сканерленген түпнұсқаларын ұсынуы тиіс:

3.5.1. жеке тұлғаны куәландыратын куәлік;

3.5.2. Клиенттің қағаз тасымалдағышындағы ол жөнінде кредиттік бюроға ақпарат ұсынуға келісетіндігі туралы келісімі;

3.5.3. Клиенттің қағаз тасымалдағышындағы ол жөнінде кредиттік бюродан ақпарат алумен келісетіндігі туралы келісімі;

4 ТАРАУ. ҚАРЫЗДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

4.1. Серіктестіктің Әлеуетті Клиентке Қарыз беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайында, Серіктестік Қарызды Клиентке Офертада, Клиенттің Шотында көрсетілген Қарыз Сомасының бір мезгілдік аударымы түрінде ұсынады;

4.2. Серіктестік ақшаны аударуды, Серіктестік Қарыз беру туралы оң шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (Бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады;

4.3. Клиент Шотына Қарыз сомасын есептеу уақыты Клиентке ақша беру сәті болып танылады.

4.4. Қарыз сомасын аудару, Офертаның Акцепт болып табылады, ал осы Ереженің 4.3. т. сәйкес Қарыз Сомасын аудару мерзімі – Қарыз Шартын жасау мерзімі болып табылады;

4.5. Серіктестік пен Клиент арасында жасалған Қарыз Шарты бойынша қатынастар аясында жүргізілетін барлық төлемдер тек ғана қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

5 ТАРАУ. СЫЙАҚЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

5.1. Белгіленген Келісімшарт бойынша Қарызды пайдаланғандығы үшін Клиент Серіктестікке Қарыз келісімшарты мен осы Ережелердің 5.4. тармағында көрсетілген Төлем кестесінде белгіленген мөлшерде Сыйақы төлеуге міндетті;

5.2. Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы осы ереженің 4.3 т., сәйкес Қарыз алған күннен кейінгі күннен бастап және Қарызды қайтарған күнге дейін (қоса алғанда) Қарыз сомасының қалдығына есептеледі.

5.3. Қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақыны есептеген кезде жылдағы күндер саны 365 күнге тең деп қабылданады.

5.4. Қарызды пайдаланғаны үшін Қарыздық борыш сомасын есептеген кезде қолданылатын Сыйақы төменде келтірілген кестеге сәйкес есептеледі:

Қарыз Келісімшартының мерзімі, күн

Күніне сыйақы мөлшері, %

 7 (жетеуден) кем

2,50

 8 (сегіз)

2,40

 9 (тоғыз)

2,30

 10 (он)

2,20

 11 (он бір)

2,10

 12 (он екі) және одан көп

2,00

5.4.1 Жаңа Клиенттер, яғни Серіктестікпен Қарыз Келісімшартын 2014 жылғы 06 тамыздың 20 сағ., 20 мин., бастап алғаш рет құрып отырған және Серіктестіктің мекен жайына Қарыз беруге Офертаны жолдаған Клиенттер үшін (соның ішінде және аталған уақыттан кейін Серіктестіктің тарапынан оның акцептісі болған жағдайда), Қарызды пайдаланғаны үшін Қарыз сомасының есебі үшін қолданылатын сыйақы төменде келтірілген кестеге сәйкес есептеледі:

 Жаңа Клиенттар үшін Сыйақы мөлшерлемесі:

 

Қарыз Келісімшартының мерзімі, күн

Күніне сыйақы мөлшері, %

1 – 31(бір күннен 31күнге дейін(қоса алғанда)

0

5.5 Қарыз сомасы қайтарылуы тиіс болған күннен бастап, Серіктестікке қайтарылған күніне дейін белгіленген мерзімде Клиентпен Қарыз сомасы қайтарылмаған жағдайда төленуге тиісті Қарыз сомасына күндігі 0,01% Сыйақы мөлшері есептелетін болады.  

5.6 Осы ереженің 5.5 тармағына сәйкес, Келісімшартта белгіленген мерзімді Клиентпен Қарыз сомасы қайтарылмаған жағдайда, Серіктестік Қарыз сомасы қайтарылуы тиіс болған күннен бастап, оның қайтарылу күніне дейін Сыйақы мөлшерін есептейді 

Қарыз берілген күннен бастап оның мерзімі аяқталуына дейін Серіктестік төменгі кестеге сәйкес бірден Сыйақыны есептейді

Қарыз келісімшартының мерзімі, күн

Күніне сыйақы мөлшері, %

 7 (жетеуден) кем

1,50

 8 (сегіз)

1,40

 9 (тоғыз)

1,30

 10 (он)

1,20

 11 (он бір)

1,10

 12 (он екі) және одан көп

1,05

 13 (Он үш) және одан көп

1,00

5.5. Тұтынушы Қарыз сомасын белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда, несие соммасына Ереженің Тармағында қарастырылған күніне 0,01% мөлшерде Қарыз сомасы қайтарылуы тиіс болған күннен бастап оны Қоғамға қайтарған күнге дейін Сыйақы есептелініп және төленуге тиісті.

6 ТАРАУ. ҚАРЫЗ СОМАСЫН ҚАЙТАРУ

6.1 Қарыз сомасын қайтару Қарыз мерзімі аяқталған соң бірыңғай төлеммен жүзеге асырылады және оған Негізгі қарыз сомасы мен осы Ережелердің 5 Тарауында белгіленген тәртіпке сәйкес есептелген сыйақы кіреді;

6.2. Осы Ережелерде мазмұндалған шарттармен берілген қарыздарды Клиент, өзіне ақшалай қаржы берілген сәттен бастап кем дегенде 5 (бес) жұмыс күн өткен соң ғана толығымен немесе ішінара өтей алады;

6.3. Қарызды мерзімінен бұрын өтеу Негізгі қарыз сомасы мен осы Ережелердің 5 тарауына сәйкес  Қарыз сомасын мерзімінен бұрын өтеу күніне есептелген Сыйақыны қоса алғандағы бірмезгілдік төлеммен жүзеге асырылады;

6.4. Егер де Серіктестік мерзімінен бұрын өтеу сомасын толық көлемде алмаса, Қарыз келісімшарты талаптары әрекет етеді, сонымен бірге Клиенттің қарыздық борышты өтеуге ақшалай қаржыны салмауы қарыздық борышты мерзімінен бұрын өтеуі тоқтату шарты арқылы  теңестіріледі;

6.5. Клиент үшінші  тараптар арқылы Серіктестіктің пайдасына ақшаны аударған кезде төлемдерді кідірту тәуекелдерін өз мойнына алады. Төлемнің кідіруін болдырмау мақсатында Серіктестік  ақшаны алдын ала төлеуге кеңес береді;

6.6. Қарызды қайтару күні болып Серіктестіктің банктік есептік шотқа қарыздық борыш сомасын есептеу күні саналады;

6.7. Серіктестік Клиенттен түскен ақшаны қарыз келісімшарты бойынша қарыздық борышты өтеуге келесі кезектілікпен жібереді:

6.7.1.Стандартты Қарыз Келісімшарты, Жаңа Клиенттер Келісімшартын қоса алғанда:

1)  Серіктестіктің Клиентті Қарыз келісімшарты бойынша міндеттерін өтеуге байланысты шығындары;

2)  Қарыз қайтарылуы тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап ол іс жүзінде қайтарылған күнге дейінгі мерзім ішінде есептелген сыйақы;

3)  Қарыз берілген күннен бастап ол қайтарылған күнге дейінгі мерзім ішінде есептелген сыйақы;

4) Осы ереженің 7.1. тармағына сәйкес тұрақсыздық айыбы сомасы;

5) Негізгі қарыз.

6.7.2. Қарыз Келісімшарты бойынша белгіленген ставка:

1) Клиенттің Қарыз Келісімшартына байланысты міндеттемелерді өтеу бойынша Серіктестіктің шығыны;

2) Ұйымдастыру Қарызы бойынша комиссия сомасы;

3) Осы ереженің 7.1. тармағына сәйкес тұрақсыздық айыбы сомасы;

4) Негізгі қарыз.

6.8. Егер тұтынушы келісім  шарттың  мерзімін ұзартқысы келсе, несиенің мерзімі аяқталғанша Серіктестікке өтініш жолдауына болады. Қарыз туралы келісімді ұзарту үшін Серіктестіктің (ұзарту) Сайтында жеке кабинет  қызметін пайдалана отырып қалыптастырылады. Қарыз туралы келісімшарттың мерзімін ұзарту жағдайы (ұзарту) клиент айыппұл төлейді. Келісім-шартты күн сайын ұзарту (ұзарту) үшін несие сомасы (негізгі) 1,5% мөлшерінде тұтынушымен қосымша өтемақы төленеді.

Көрсетілген ақшаны (айыпақы) Серіктестіктің банк шотына түскен және олардың түскендігін Серіктестік Клиенке электрондық поштамен немесе SMS –хабарламамен (Қарыз келісімшартын ұзарту туралы Офертаның Құптауы) сәйкесінше хабарламаны жіберу арқылы растаған сәттен бастап қарыз келісімшарты Клиент көрсеткен мерзімге ұзартылған болып саналады. Клиенттің Қарыз келісімшартын ұзарту құнын төлеуі Қарыз келісімшартын ұзартуға Оферта жіберілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бірмезгілдік төлеммен жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен бірге Қарыз сомасын және Қарызды пайдалану үшін сыйақыны қайтару мерзімі 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күннен артық емес мерзімге ғана ұзартыла алады. Ұзарту қызметімен шектеусіз пайдалануға болады;

6.9. Егер де Клиент Қарыз сомасын қайтару және Қарызды пайдаланғандығы үшін Сыйақы немесе Қарыз сомасы бойынша міндеттерін орындау мерзімін бұзған жағдайда, және аталмыш бұзушылық (уақытын өткізу) 90(тоқсан) күнтізбелік күннен асып кетсе, Клиент Серіктестікке Сайттағы Жеке кабинет сервисін пайдаланып Қарыздық борышты қайта құрылымдау туралы ұсыныс  жіберуге құқылы. 1 (бір ) жұмыс күні ішінде Клиент Төлем кестесіне сәйкес Қарыздық борыш сомасының 5%  мөлшеріндегі бірінші төлемді жүзеге асыруы тиіс. Қайта құрылымдауға Офертаны Серіктестік оны Клиентке электрондық поштамен сәйкес хабарлама немесе жоғарыда көрсетілген ақшаны Клиенттен алуын растайтын SMS –хабарлама (Қайта құрылымдау туралы Офертаны құптау) жіберу арқылы Клиент Серіктестікке жіберген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құптайды;

6.10. Қайта құрылымдауға Оферта жіберілген күннен бастап Клиенттің Қарыз келісімшарты бойынша өз міндеттерін толық орындаған сәтіне дейін есептелетін мерзім ішінде Қарызды пайдаланғандығы үшін Серіктестікке Қарызды пайдаланғандығы үшін Негізгі қарыз сомасынан 0,1 % төлейді;

6.11. Қайта құрылымдау кезінде Қарыз келісімшартының қолданысын ұзарту мерзімін Клиент өз бетінше белгілейді, бірақ 6 (алты) күнтізбелік айдан аспауы тиіс;

6.12. Клиент қайта құрылымдау сатысында Қарызды өтеудің келесі тәсілдерінің 1 (бірін) таңдауға құқылы:

а) ай сайынғы төлемдер;

б) екі аптада 1 (бір) рет жүзеге асырылатын төлемдер;

в) апта сайын жүзеге асырылатын төлемдер.

6.13. Қайта құрылымдау кезінде осы Ережелердің 5.4. тармағында белгіленген көлемдегі сыйақының, сондай-ақ осы Ережелердің 7 тарауында белгіленген айыппұлдық санкциялардың Клиент қайта құрылымдауға Оферта жіберген күннен бастап есептелуі тоқтатылады;

6.14. Егер де Клиент қайта құрылымдауға Оферта жіберілген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Ереженің 6.9. т., сәйкес   сыйақыны және айыппұл санкцияларын төлеуді жүзеге асырмаса, Сыйақы мен айыппұлдық санкциялар толығымен есептеледі және Клиент төлеуі тиісті, ал Қайта құрылымдауға офертанны Серіктестік Акцептке құптауы тиіс емес;

6.15. Егер де Клиент Төлем кестесімен белгіленген төлемдер тәртібін бұзған және Қарыздық борышты тек ішінара жүзеге асырған болса, онда өтелмеген Қарыздық борыштың қалған бөлігіне Төлемдік кестеге сәйкес төлем жүзеге асырылуы тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап Клиент Қарыздық борышты төлеу бойынша (қоса алғанда) өзінің міндетін орындаған күнді қоса алғанға дейін айыппұлдар (осы Ережелердің 7 тарауына сәйкес) есептеледі;

6.16. Егер Клиент 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Төлемдер кестесінде белгіленген төлем тәртібіне сәйкес ешқандай төлемді жүзеге асырмаса, Серіктестік Қарыздық борыштың барлық қалған сомасын қайтаруды талап етуге құқылы;

6.17. Серіктестік Қарыз бен Қарызды пайдаланған барлық мерзім үшін сыйақы сомасын  және келесі жағдайларда Келісімшарттың шарттарына сәйкес төленуге тиісті басқа да сомаларды толық көлемде өндіріп алуды мерзімінен бұрын талап етуге құқылы:

6.17.1. Клиент кез келген төлемді кешіктерген кезде;

6.17.2. егер Клиент сот үдерісіне тартылса;

6.17.3. Клиент Келісімшарт бойынша өз міндеттерін бұзған кезде;

6.17.4. Клиент Өтінім берген кезде дұрыс емес мәліметтер беріп, ол туралы Серіктестікке белгілі болғанда.

6.18.  Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған барлық, Серіктестікке тиесілі ақшаны қайтару бойынша өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға құқылы. Осыған байланысты Серіктестік жұмсаған шығындардың барлығы Клиентке жүктеледі.

6.19. Егер де Клиент мерзімінде толық немесе жартылай Қарыз келісімшарты бойынша төлемді жүзеге асырмаған жағдайда, Серіктестік Клиенттің мерзімді өткізу туралы ақпаратын Серіктестік ақпаратты ұсыну туралы шартты құрған тиісті кредиттік бюроға ақпаратты ұсынады.

7 ТАРАУ. КЛИЕНТТІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Егер де Клиент Қарыз бойынша төлемді белгіленген мерзімін бұзған жағдайда, Серіктестік Қарыз келісімшартын жасаған Клиенттен  5000 теңге мөлшерінде айыппұл мөлшері мен  төменде келтірілген  кестеге сәйкес мөлшерде өсімпұлды төлеуін талап етуге құқылы:  

Несиенің Келісім шарт мерзімі, күні

Тәулік бойынша сыйақы мөлшерлемесі,%

 7 (жеті) күннен аз

 3,24

 8 (сегіз)

 3,14

 9 (тоғыз)

 3,04

 10 (он)

 2,94

 11 (он бір)

 2,84

 12 (он екі ) және одан коп

 2,74

Бергіленген мерзім (21.26.31 күн)

2.65

Тұрақсыздық айыбын төлеу Клиентті Қарызды қайтару және Қарызды пайдаланғандық үшін сыйақы бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды.

7.2. Қарызды өтеуді Клиент 2 (екі) аптадан аса кешіктірген жағдайда, Серіктестік Клиенттен қарыздық борышты өндіріп алу үшін сотқа дейін тәртіппен коллекторлық агенттікке жүгінуге немесе бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы;

7.3.  Клиент қарызды өтеу бойынша өз мойнына алған міндеттерді бұзған жағдайда, Серіктестік, өзінің ұйғарымы бойынша, Клиенттің келісімінсіз өзінің құқықтарын талап ету, құқықтарын беру келісімшартын (цессиялар) беру арқылы үшінші тұлғаға бере алады;

7.4. Клиент қарызды өтеу бойынша өз мойнына алған міндеттерді 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аса  бұзған жағдайда. Серіктестік төленбеген төлемдерге сыйақыны тоқтатуға құқылы.

8 ТАРАУ. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

8.1. Серіктестік пен Клиент арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

8.2. Егер де Тараптар келіссөздер барысында келісімге келе алмаса, онда дау Тараптардың жазбаша келісімі бойынша (Қарыз Келісімшартының талаптарына сәйкес)  қаралуға жатады;

1) Серіктестік орналасқан орын бойынша сотта; немесе

2) Еуразиялық Экономикалық Төрелік сотында

Бұл ретте Еуразиялық Экономикалық Төрелік сотының шешімі Тараптар үшін ақырғы болып есептеледі.

8.3.  Серіктестік пен Клиент Келісімшарт бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда, Серіктестік сот органдарына жүгінген жағдайда Клиенттен Қарыздық борышты бұйрықтық өндіріс арқылы (сот бұйрығын шығару) тәртібімен өндіріп алуы мүмкін.

9 ТАРАУ. ЕРЕЖЕЛЕРДІ БЕКІТУ ЖӘНЕ ӨЗГЕРТУ ТӘРТІБІ

9.1.  Осы Ережелер, сондай-ақ оған енгізілетін кез келген өзгертулер мен толықтыруларды Серіктестіктің Бас директоры бекітеді және барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың танысуы үшін Сайтта орналастырылады.

Өтінішті рәсімдеу

Жалақыға дейінгі жедел онлайн қарыз – бұл оңай! 
Дәл қазір қарызды рәсімдеңіз және ақша Сізде 10 минуттан кейін болады!

Нөлдік пайыз Сыйақы мөлшерлемесімен Жаңа Клиенттер үшін акция 07.02.2017ж с22:08- ден бастап жұмыс істейді

 

 

 


Қарызды рәсімдеу

Жалақыға дейінгі жедел онлайн қарыз – бұл оңай
Ол сіздің 10 минут қана уақытыңызды алады

яндекс.ћетрика