Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының арқасында ипотекалық тұрғын үй мөлшерлемесін 3% дейін қалай түсіруге болады?
Экономикалық дағдарыс пен ипотекалық қарыздарды ресімдеу кезінде кездесетін барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстанда ипотека әлі тірі. Алайда бүгінде несиені ай сайын қандай да бір кешігулерсіз төлеуге барлық адамдардың жағдайы бірдей келе бермейді. Ипотеканы төлеуде қиыншылықтар кездескен жағдайда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын пайдалануға болады. Олардың артықшылықтарының арасында – мөлшерлемені 3% дейіназайту мүмкіндігін және егер басында несие шетел валютасымен алынса, қарыз сомасын теңгемен қайта есептеу мүмкіндігін айтуға болады.
Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының ерекшеліктері
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы халыққа несиелер беретін басқа банктерге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің ақшалай қаражаттар бөлуін көздейді. Бұл ақшалар пайыздардың бөлігін жабуға кетеді, және осылайша, ипотекалық несие ресімдеген адамдар үшін пайыздық мөлшерлеме жылына 3% дейін азаяды. Бұл жерде қарыздың негізгі сомасы өзгермейтін болады.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша бірнеше талаптар бар:
- Ипотекаға алған жылдымайтын мүлік 2004 пен 2009 жылдар аралығында ресімделген болуы тиіс;
- Негізгі қарыз 36 470 000 теңгені (егер несие шетел валютасымен ресімделген болса, онда ресми бағаммен қайта есептелгенде де ол 36 470 000 теңгеден аспауы керек) құрайды;
- 2015 жылдың 1 қаңтарына ипотекаға алған жалжымайтын мүлік қарыз алушы үшін жалғыз баспана болуы тиіс.
Тұрғын үй емес жәйлар мен жер телімдерін сатып алған адамдар да ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының қатысушылары бола алады. Алайда мұндай жағдайда бірнеше шектеулер әрекет етеді. Тұрғын үй емес жәй мен жер телімі қарыз алушының Қазақстан аумағындағы жалғыз ғана меншігі болуы керек (тұрғын үй емес жәйдың аумағы 100 кв метрден аспауы тиіс).
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың бағдарламасына кімдер қатыса алады?
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың бағдарламасына қатысуды қалайтындар санының, республика банкі бөлген қаражаттан көп болуы себепті, басымдылық белгіленген. Бірінші кезекте мемлекеттен алатын көмекке үміткерлер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігі, онан соң – тұрғын үй алу үшін ипотекалық қарыздарды ресімдеген адамдар, тек сонан соң ғана – ипотекаға жер телімін немесе тұрғын үй емес жәй алған қарыз алушылар. Осындай басымдықта банк ипотекалық қайта қыржыландыру бағдарламасына қатысу туралы өтініштерді қарайтын болады.
Бүгінде Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайы нашар бөлігіне жататындар:
- I және II топтағымүгедектер;
- ҰОС ардагерлері;
- мүгедек бала бар отбасылар;
- ауыртүрдегі созылмалы аурумен ауыратын адамдар;
- зейнеткерлер;
- оралмандар;
- жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балалар (жастары 29-ға келмегендер);
- төтенше жағдайдан, табиғи және техногендік сипаттағы экологиялық апаттан зардап шеккен адамдар;
- көп балалы отбасылар;
- құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, әскери қызметті өтеп жүрген кезде немесе космосқа ұшуға дайындық кезінде қаза болған адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылар.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудың бағдарламасына қалай қатысуға болады?
- Ипотекалық несие ресімделген банкке осы қаржылық ұйымның мемлекеттік бағдарламаға қатысатынын білу үшін бару керек.
- Ипотеканы қайта қаржыландыру бойынша маманнан кеңес алу керек. Ол қарыз алушылардың әр түрлі санаттары үшін бағдарламаның ерекшеліктері туралы және қандай құжаттарды дайындау керектігі туралы айтып береді.
- Құжаттардың керекті тізбесін жинайды.
- Бағдарламаға қатысуға тапсырысты банктің уәкілеттенген бөлімшесіне береді. Мұндай бөлімшелердің санын қаржылық ұйымның сайтынан немесе оның қызметкерлерінен білуге болады.
- Банктің хабарламасын күту керек және ипотекалық несиелеу туралы жаңа шартты жасау үшін банкке келеді.
Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар керек?
Құжаттар тізбесі банкке және ипотекалық несиенің түріне (тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік немесе жер телімін сатып алуға) қарай әр түрлі болуы мүмкін. Негізгі құжаттарға мыналар жатады:
- төлқұжат;
- мекен-жайлық анықтама;
- неке туралы куәлік (некені бүзу туралы куәлік, қайтыс болғаны туралы куәлік, некелік қарым-қатынастардың жоқтығы туралы нотариалды түрде куәландырылған куәлік);
- жылжымайтын мүлігінің жоқтығы туралы анықтама;
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама;
- қарыз мүліктен басқа жылжымайтын мүлігінің жоқтығы туралы нотариуспен куәландырылған құжат;
- қарыз мүлікке қамау салу туралы сот орындаушысының қаулысы;
- тәуелсіз маман жасаған жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп;
- қарыз алушының күйеуінің немесе әйелінің немесе қарызға және соттан тыс іске асыруға бірлескен меншікке басқа да қатысушылардың нотариуспен куәландырылған келісімі.