+7 701 006 35 00

«Қол жетімді баспана — 2020» бағдарламасы бойынша пәтерді қалай алуға болады?

Бүгінде Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы белсенді қарқынмен дамуда, ол тек ипотекалық несиелеудің арқасында ғана емес. Мемлекеттік бағдарламалар да тұрақтылық пен сенімділіктің кепілі ретінде жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәміле санына да оңды әсер етуде. Осының арқасында мыңдаған қазақстандықтар өздеріне тиімді  шарттарда жеке меншік тұрғын үйлер алды. Осындай бағдарламалардың бірі – «Қол жетімді баспана- 2020» бағдарламасы. Ол тиімді бағамен жылжымайтын түрғын үй алуға немесе кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға алуға мүмкіндік береді.

«Қол жетімді баспана- 2020» бағдарламасы 2014 жылдың жазында аймақтарды дамытудың бірыңғай бағдарламасына енгізілген, сондықтан ол тек қана ірі қалаларда ғана емес, елдің барлық аумағында әрекет етеді. Бүгінгі күнде бірден үш компания мемлекеттік бағдарламаға қатысуда:

  • Қазақстандық ипотекалық компания;
  • «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры;
  • Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі.

«Қол жетімді баспана- 2020» бағдарламасына тек бірретқанақатысааласыз.

«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша баспана сатып алу

Бұрын атап өтілгендей, бағдарлама екі негізгі бағыт бойынша іске асырылуда. Тікелей сату жағдайында 1 кв м-дің құны 180 мың теңге деңгейіне дейін белгіленеді. Мұндай баға Астана, Алматы, Ақтау, Атырауда және басқа қалаларда белгіленген.

«Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» компаниясының мысалында бағдарламаның шарттарын қарастырайық. Баспананы жасына немесе отбасының құрамына шектеу қойылмастан барлық қалаған адам сатып ала алады. Алайда бағдарламаға қатысушылар үшін кейбір шектеулер бар:

  • Адамда немесе оның отбасы мүшелерінде елдің аумағында меншік құқығы бар немесе жалға алған баспанасы болмауы керек;
  • Соңғы бес жылда өмір сүру деңгейін қасақана нашарлату фактісі болмауы тиіс;
  • Бағдарламаға қатысушылар міндетті түрде Қазақстан азаматы немесе оралман болуы керек;
  • Астана мен Алматы түрғындары соңғы екі жылда осы қалада тіркелген болулары керек (басқа аймақтардың тұрғындарына тіркелу міндетті емес).

Алуға болатын баспана жайлылығы  бойынша ерекшеленеді. 3-ші класты таза әрленген жылжымайтын тұрғын үйдің 1м2 құны көптеген қалаларда 100 мың теңгені, ал Астана мен Алматыда 142,5 теңгені құрайды.  4-ші кластың 1м2 құны 90-120 мың теңгені құрайды.

«Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша кейін сатып алатын түрғын үйді жалға алу

Кейін сатып алу құқығымен жалға алу мүгедектер, ардагерлер, халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттары үшін ғана емес барлық қалаған адамдар үшін де қол жетімді. Бағдарламаға қатысу үшін негізгі шығындар мен жалдау төлемдерін жабуға арналған ақшалай қаражат болса болды. Жалдау төлемдерін төлеу үшін табыстардың жеткілікті деңгейін растау керек. Оның мөлшері таңдап алған баспананың құнына байланысты.

Алайда тапсырыстар белгілі бір кезекпен қаралады. Алдымен меншікті тұрғын үйлері жоқ адамдар, яғни тұрмыс жағдайын жақсартуды қажет ететін адамдар ескеріледі. Жалға алушылар мәміле жасалатын мерзімді өз беттерінше таңдауларына болады. Ол 5, 7, 10 немесе 15 жыл болуы мүмкін.

Бағдарламаның шарттарын «Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қорымысалында қарастырайық. Кейін сатып алу құқығымен жалға алу  үшін бастапқы жарна төлеудің қажеті жоқ, алайда бұл жерде жалға алушыларда мерзімінен бұрын борышты жабу мүмкіндігі болмайды. Қалаған кездерінде мөлшері тұрғын үй құнының 50% аспайтын көлемде дербес жарна құюға болады.

Жалдау төлемі пәтердің орналасқан жеріне байланысты. Алматы ауданында ауданы 59 м2  болатын екі бөлмелі пәтерді жалға алғанда жалдау төлемінің ең көп құны 95 078 теңгені құрайды. Өскеменде ауданы 66 м2  болатын екі бөлмелі пәтерді 15 жыл мерзімге жалға алғанда 94 000 жуық ақша төлеу керек.

Көрсетілген сома үйді ұстауға кететін қосымша шығындардың есебінен бұдан да көп болуы мүмкін екенін атап айтқан жөн.

«Самрұқ-Қазына» жылжымайтын мүлік қорына кейіннен сатып алу құқығымен баспананы жалға алуға тапсырыс беру үшін мыналар керек:

  1. ХҚБО электронды цифрлық қол алу керек;
  2. dom.fnsk.kz сайтына кіріп сервисте тіркелу керек;
  3. Жылжымайтын мүлік нысанын таңдау керек және қор белгілеген мерзімде тапсырысты беру керек.
Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
MoneyMan: "Қол жетімді баспана -2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайдалы жылжымайтын мүлік.
183 голоса