+7 701 006 35 00

«Өрлеу» бағдарламасы аясында ақшалай көмек алу

Бүгінде Қазақстанда тұрмысы нашар отбасылар мен жекелеген жеке тұлғаларға ақшалай көмек беруге бағытталған «Өрлеу» жобасы жұмыс істеуде. Біз осы бағдарламаның ерекшеліктері туралы, сонымен қатар мемлекеттен әлеуметтік көмекті кімдер алатыны туралы айтамыз.

«Өрлеу» жобасының қатысушысы болуға кімнің құқығы бар?

«Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан азаматтарының тұрмыс жағдайын көтеруге және оларды өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне шығару үшін енгізілді.  Оған ай сайынғы табысы елдегі белгіленген ең төменгі күн көріс мөлшерінен 60% төмен болатын адамдар қатысушы бола алады. Бүгінгі күні Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс мөлшері 24 459 теңгені құрайды.

Алайда  бір маңызды шарт бар – мемлекеттен ақшалай көмек алуға үміттенетін азаматтар, жұмыспен қамтуға ықпал ету бойынша белсенді шараларға қатысулары тиіс яғни, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыс істеулері немесе белсенді түрде жұмыс іздеулері керек.

Нашар қамтамасыз етілген отбасылардың жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуын растау үшін әлеуметтік қызметтер мен жеке тұлғалар арасында әлеуметтік келісім-шарт жасалады. Бұл құжатта жұмыспен қамтуға ықпал етудің іс-шараларына қатысу бойынша материалдық көмек алуға үміткер адамның міндеттемелері көрсетіледі. Сондай-ақ келісім-шартта әлеуметтік қызметтердің өкілеттіктері көрсетіледі – олар жұмысқа тұрғызуда және қажетті машықтар мен білім алу үшін оқудан өткенде көмек берулері керек.

Халықтың белгілі бір санатына  жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларына қатысуы міндетті емес. Оларға еңбек етуге қабілетті жастағы, және үнемі қарауды қажет ететін:

  • 3 жасқа дейінгі балаларға;
  • 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
  • I және II топтағы мүгедектерге;
  • 80 жастан асқан қарт адамдарды қарайтын адамдар жатады.

«Өрлеу» жобасы аясындағы ақшалай көмекті тағайындау рәсімі

«Өрлеу» жобасына қатысушы болу үшін, тұратын жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бару керек. Мемқызметшілер қатысуға өтініш беру бланкісін және отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы ақпаратты көрсетуі тиіс сауалнама үлгілерін тегін береді.

Әңгімелесуден өту керек, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары:

  1. Үміткердің ақшалай көмек алу бағдарламасына қатысу құқығын;
  2. Үміткердің отбасы мүшелеріне көрсетілетін арнайы қызметтің түрлерін, осы қызметтерге қажеттілікті ескере отырып;
  3. Бағдарламаға қатысуға үміткер жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларына қалай тартылғанын бағалайды.

Әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парағына, отбасының материалдық жағдайы мен отбасы құрамы туралы сауалнамаға қол қоюлары, сондай-ақ мына құжаттарды берулері керек болады:

  • Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат;
  • Отбасы құрамы туралы анықтама;
  • Отбасы мүшесіне қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленгенін растайтын анықтама (бар болса);
  • Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелу фактісін растайтын құжат (не мекен-жайлық анықтама);
  • Қосалқы шаруашылығының бары туралы ақпарат (бар болса);
  • Өтініш берген айдың алдындағы соңғы үш айдағы табысы туралы анықтама.

Материалдық көмек алғысы келетін ауылдық жердің тұрғындары ауылдық округтің әкіміне барулары керек.Осы маман не оның ассистенті «Өрлеу» бағдарламасына қатысуға үміткерге кеңес беруі және қандай құжаттар тобын әкелуі керек екенін айтуы керек. Сонан соң осы құжаттарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беру керек болады.

Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
MoneyMan: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша халыққа мемлекеттік ақшалай көмек беру
183 голоса