+7 701 006 35 00

Жалақы алғанға дейін ақшаңыз жетпей ме? Шешімі бар.

Қатты қаласаңыз және бос уақытыңыз болса, біраз ақша табуға болады. Өмірлік қос бейімділігіңізді іске асыра отырып.

Мақала жазу

Егер мектептегі күнделікте Орыс тілінен бестік және төрттік бағалар бар болса, осылар қажетке жарайды. Мақсатсыз веб-серфинг жасаудың орнына копирайтингпен айналысыңыз. Сайттар мен интернет – журналдарға мақалалар жазуды тап осылай атайды. Компьютер және желіге шығу — сізге керегі тек осылар ғана. Егер ноутбук алуға қаражатыңыз жетпесе, арнайы қорда қарызға ақша алыңыз. Бұл шығындар сізге үйіп төгіп келетін табыспен өтеледі.

Мақалалар авторлары бос орынсыз 1 мың белгі үшін белгіленген құнды белгілейді. Бастапқы кезеңде бұл таза символикалық сома болуы мүмкін. Уақыт өте келе және тәжірибе жинақтай отырып мөлшерлеме біртіндеп өсетін болады.

Мәтіндерді неғұрлым көп жазсаңыз, соғұрлым табысыңыз да көп болады. Бір жақты профильді біліміңіз бен тәжірибелік машығыңыз автор ретінде сіздің бағаңызды өсіреді.

Еңбекқор копирайтерлер ең аз дегенде  өздерінің аймақтарындағы орташа жалақы мөлшеріндей табыс табады және ресми жұмысқа шықпаса да болады.

Ғаламторда мыңдаған сайттар бар және олардың саны күннен күнге өсуде. Олардың барлығында сапалы мақала аз, осыған сәйкес оларға сауатты авторлар да қажет,  ал солардың бірі өзіңіз бола аласыз және  авторлық мақала үшін үнемі жақсы табыс алып отыра аласыз.

Әлеуметтік желіде әкімшілік ету

«Facebook»-те, «Instagram»-да тәулік бойы отырғанды жақсы көресіз бе? Онда сізге әлеуметтік желілердің әкімшісі болу жұмысы ұнайтын болады.

Оның міндеттері қандай? Мұндай қызметкердің негізі міндеті – пабликті өзекті жағдайда қолдап отыру, ол үшін оны пайдалы контенттермен толтыру, спамнан тазарту, жазылушылармен әңгімелесу керек болады.

Жалақы туралы айтайық. Топтың саны көп болған сайын, әкімшінің де жалақысы артады. Мысалы,  2 мың жазылушылары бар пабликті жүргізу үшін иелері 10 мың теңгеден бастап төлеуге дайын. Бір топқа қызмет көрсету көп дегенде бір күнде 1,5 сағат уақытты алады.  Сіз жұмыс істеу үшін 2-3 топ алуыңызға болады, оған жұмыс уақытыңыздың жартысын жіберіп, айына 20 мыңнан артық ақша таба аласыз.

Әлеуметтік желілерде жұмыс істеудің құпияларын үйрену үшін желіде көптеп беріліп жатқан қысқа мерзімді курстардан үйренуге болады. Арнайы қорда жалақыға дейін ақша алып  және оны осындай оқуға жұмсай отырып, сіз 1 айдан соң тиісті сертификаттың иегері атана аласыз және жаңа қызықты кәсіптен табыс табуды бастай аласыз.

Тілдерді үйрету

Шетел тілдерін білу, олардың кез келгенін білу әрқашан аш қалдырмайды. Жаңадан келгендерді үйлерінде оқытқан сияқты, “Skype” арқылы оқшау да оқытуға болады. Жұмыс уақытының режімі мен сабақтың бағасы оқытушы мен оқушының жеке мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Өзіңіздің сабақтарыңызды өзіңіз ұсынудан ұяласыз ба? Онда әкімшілері аз ақшаға сіздің атыңыздан сабақты ұсынатын  және шетел тілдерін білгісі келетін адамдардың топтарын құратын, сол әлеуметтік желілердегі кәсіби аудармашылардың қоғамдастығына кіріңіз.

Егер оқушылармен белсенді араласу сіздің кешкі жоспарыңызда болмаса, аудармалармен айналысыңыз. Мысалы, 1 парақ аударма үшін адамдар 2,5 мың теңге төлейді. Техникалық, медициналық, заң саласындағы мәтіндер үшін мөлшерлеме  2-3 есе жоғары.

Бала күтушінің қызметі

Егер сіз компьютерлік істерге бейіміңіз жоқ болса, ынжырғаңызды түсірмеңіз. Балаларға деген махаббат пен олардың мазасыз қылықтарына шыдамдылық бала күтуші жұмысын табуға көмектеседі. Бала бақшаларының жетіспеушілігі мен олардың қызмет көрсетуге алатын құнының жоғарылығы балаларды күтуге дербес көмекшілердің пайда болуына ықпал етті. Және оларға деген қажеттілік әлі де артып отыр.

Бала күтушінің сағат бойынша алатын орташа құны 1 мың теңгеге тең. Жұмыс уақытыңыздың жарты күнін сүйкімді балаларды күтуге арнасаңыз, сіз бір күнде 4 мың теңге табасыз.

Балаға шетел тілін оқыту, оны мектепке дайындау, баланың тамағын дайындау үшін жұмыс берушілер қосымша сома төлеуге дайын.

Мысықтар мен иттерді ұстау

Иелері жоқ кезде үй жануарларына уақытша қарайтын адамдардың қызметі осылай аталады. Қаладағы жағдай иттер мен мысықтарды үйдің ауласында ұстауға мүмкіндік бермейді, сондықтан оларды осылай ұстау ірі елді мекендерде көптеп сұранысқа ие.

Мамандандырылған торлы орын мен жан-жануарларға арналған қонақ үйлердің бағалары жоғары, олармен салыстырғанда әуесқой қолда ұстай тұру дұрысырақ. Егер сіз жеке меншік үйде тұрсаңыз, үй жануарларын жақсы көрсеңіз және оларды дұрыс ұстауды ұйымдастыра алсаңыз, онда бұлай тапқан қосымша жалақы сізді куантары сөзсіз.

3 мезгіл тамақ беру, таза ауада орнатылған кең торлы орын, қыдырту және ойнату  — кез келген жануарларға керегі де осы. Егер қажетті саймандарды алуға ақшаңыз жетпесе, аз пайызға online ақшаны қарызға алуға болады және оны бірінші айлықтан жылдам қайтарасыз.

Енді бағалары туралы. Қызметтің құны жануардың түріне байланысты. Кішкентай жәндіктерді (тышқандар, құстар)  қарау тәулігіне 500 теңге. Мысыққа қарау үшін иелері 1 мың теңгеден, ал иттерге – 1,5 мың теңгеден бастап беруге дайын.

Өзіңіз көріп отырғандай, еш қиындығы жоқ, әркім өзінің қалауынша және мүмкіндіктеріне қарай жұмысты таңдай алады. Ұнаған оймен қарулана отырып, оны өмірде іске асыру ғана қалады және қосымша табыс табуды бүгін бастаңыз.

Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
MoneyMan: Жалақыға дейін ақша жетпейді ме? Шешімі бар!
183 голоса