Микрокредитті төлем картасы арқылы қайтару
Қазіргі таңда «ФинтехФинанс» МҚҰ» ЖШС VISA және MasterCard төлем жүйелерінің карталарымен төлемдерді қабылдайды.
Назар аударыңыз: микрокредитті қайтарған кезде Сіз тек қана өзіңіздің жеке төлем картаңызды пайдалана аласыз.
Төлем картаның көмегімен төлемді жасау үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- MoneyMan сервисіндегі жеке кабинетіңізге кіріңіз.
- Сіздің белсенді микрокредитіңіз туралы ақпаратты ашыңыз.
- Микрокредит туралы ақпараттағы өтеу тәсілдерінің тізіміндегі «Банктік карталар» опциясын таңдаңыз.
- Төленетін соманы енгізіп, «Төлеу» батырмасын басыңыз. Үнсіз келісім бойынша енгізуге арналған осы жолаққа микрокредитті толық өтеу сомасын көрсетіңіз.
Ары қарай сіз төлемді растауға арналған сайтқа өтесіз. Осы сайтта төлем үдерісін толық аяқтай аласыз.
Барлық жолақтарды мұқият толтырыңыз.
Төлемді растаңыз.
Провайдер микрокредитті өтеу қызметтерін ұсынғаны үшін комиссия алуға құқылы.