IDF Eurasia компаниясы өз секторындағы көміртек-бейтарап компанияға айналды
Бүгінгі таңда ғаламдық климаттық өзгерістерге алып келетін негізгі теріс факторлардың біріне адамзат атмосфераға шығаратын метан, азоттың шала тотығы мен көмірқышқыл газы (СО2) секілді парниктік газдар болып саналатын «көміртек ізі» жатады. Атмосферадағы мұндай заттардың артуына байланысты оның қасиеттері өзгереді, ол өз кезегінде орташа температураның артуына, климаттық сипаттағы түрлі катаклизмдерге және табиғи экожүйенің бұзылуына алып келеді. Климаттың өзгеруі – бұл адамзаттың өміріне әсер ететін ғаламдық қауіп-қатер. Сол себептен осы бағытта барлығы, яғни адамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, үкімет бірлесе отырып жұмыс істеуі тиіс.
Қаржылық-технологиялық түрлендірулердің флагманы бола отырып, IDF Eurasia тобы өз кезінде Ресейде, Қазақстанда 100% баламалы кредиттеуді ұсынған алғашқы сервиске жатады. Заманауи және үздік тәсіл технология деңгейінде компанияның ДНҚ бөлігі болып табылады. IDF Eurasia бизнес ретінде жауапкершілігі парниктік газдардың шығарындыларының ғаламдық проблемасына қарама-қарсы тұруға өз үлесін қосып келеді.
Осылайша тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Топ қызметінің нәтижесінде пайда болатын зиянды шығарындылардың көлемін тәуелсіз бағалау жүргізілді. Көміртектік аудитті Carbon Footprint Ltd компаниясы орындады. Талдау нәтижелеріне сүйенсек, операциялық қызмет шеңберінде қоршаған ортаға келтірілген әсердің 40 %-ы негізінен қызметкерлердің жұмыс бойынша ұшақпен ұшуды құраса, 60%-н Мәскеу, Қазан және Алматы секілді ірі қалалардағы кеңселердің электр энергиясын пайдалану құраған.
IDF Eurasia компаниясы қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсерді өтеу үшін тұрақты дамуға бағытталған және Carbon Footprint Ltd. ұсынған түрлі мемлекеттердегі жобаларды жүзеге асыруға қосылды. Оның ішінде компания күн панельдерін ұсынуды қаржыландыруды бастады, осылайша жергілікті халық СО2 шығарындыларынан алшақ қазба отынның орнына күн энергиясының күн сайынғы қажеттілігі үшін пайдаланылады. Мұндай жобаға қатысу операциялық қызмет барысында (жүргізілген талдау нәтижелері бойынша есептеулерді ескере отырып) пайда болған көмірқышқыл газының көлемін толық мөлшерде өтеуге мүмкіндік береді.
Бұған қоса IDF Eurasia компаниясы сонымен бірге өзінің күн сайынғы жұмысын өзгерту арқылы көмірқышқыл газы шығарындыларын қысқарту бағытында жұмыс жүргізетін болады. Осылайша түрлі көлікті пайдалану барысында пайда болған шығарындылар көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін жеке кездесулердің орнына видеоконференциялар енгізіледі. Сонымен қатар компания кеңседе бір рет пайдаланылатын пластик ыдыстардан бас тартты, тұрақты негізде қоқысты бөлек жинауды енгізді және қағаз тасығыштарды пайдалануды азайтуға мүмкіндік беретін ішкі электрондық құжат айналым жүйесіне өтті. Өз кезегінде қызметкерлермен қоршаған ортаны қорғаудың үздік тәсілдерін пайдалануға қатысты қызметкерлермен ағартушылық жұмыс жүргізілді. Бұған қоса Топ өз жоспарына тұрақты энергетикалық қорлар мен технологияларға ары қарай өтуді қосқан.
Осылайша Ресей мен Қазақстан аймағындағы IDF Eurasia компаниясы «көміртектік ізді» өтейтін және өзін СО2. шығарындылары тұрғысында бейтарап деп атай алатын өз секторындағы бірінші компанияға айналды.