+7 701 006 35 00

Moneyman-ның Жаңа жылдық ғажайыбы: микрокредиттің тағдыр сыйына айналуы

 

Жұлдыз Амированың оқиғасы күтпеген кезде көрсетілген көмектің көңіл-күйді өзгертіп, қаржылық жағдайды жеңілдетудің айқын көрінісі. Жаңа 2024 жылдың қарсаңында вахталық әдіспен жұмыс істейтін Жұлдызға қажетті заттарды сатып алу үшін шұғыл түрде шағын ақша сомасы қажет болады. Moneyman компаниясына микрокредит алу үшін жүгінген ол, алда нағыз Жаңа жылдық ғажайып күтіп тұрғанын сезген де жоқ.

 

Жұлдыздың айтуынша, ол компанияның «Жаңа жылдық сыйлықтардың ұтыс ойыны» акциясы туралы білмеген және кредитті «шұғыл әрі маңызды» болғандықтан ресімдеген.

 

Moneyman-ның бұл жыл сайынғы акциясы ірі ақшалай жүлдені, бағалы сыйлықтарды ұтып алу немесе Жұлдыздың жағдайындағыдай қарыздың толық өтелуі сияқты мүмкіндікті ұсынады.

 

Жүлделі болғаны туралы хабарлама алған Жұлдыз көптеген адамдар сияқты алғашында бұл ақпаратқа күмәнмен қарады. Сондықтан ақпараттың шынайылығына көз жеткізу үшін ол Moneyman компаниясының кеңсесіне баруды ұйғарды. Қызметкерлермен кездескеннен кейін Жұлдыз процестің адалдығы мен ашықтығына көз жеткізді. Ұтыс туралы хабарламадан бастап қарыздың толық өтелуіне дейінгі кезең ашық және ресми түрде өтті. Қаңтардың 9 мен 14 аралығында оның микрокредитін компания толық жауып берді.

 

Жұлдыз үшін бұл нағыз тосынсый және үлкен жеңілдік болды. Қаржылық ауыртпалықтан құтылу, әсіресе мереке қарсаңында керемет мүмкіндік. Жұлдыздың өмірі түбегейлі өзгермегенімен, күтпеген тағдыр сыйы оған жан тыныштығы мен қуаныш сыйлағанын атап өтті. Ол бұл жағымды жаңалығымен анасымен бөлісті, анасы да қызы үшін шын жүректен қуанды.

 

Жұлдыздың оқиғасы – бұл жай ғана сәттілік емес. Бұл Moneyman компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі. «Жаңа жылдық сыйлықтардың ұтыс ойыны» сияқты жыл сайынғы акциялар жаңа клиенттерді тартып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі клиенттерге деген қамқорлықты көрсетеді. Олар сенім мен өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. Мұндай акцияларға қатысу клиент тарапынан микрокредитті уақтылы өтеуден басқа ешқандай қосымша әрекеттерді талап етпейтінін атап кеткен жөн.

 

Жұлдыз Амированың оқиғасы Moneyman акциясының жеңімпаздары қатарына ілігу арқылы шағын микрокредиттің де үлкен сәттілікке айналуы әбден мүмкін екенін айқындайды. Клиенттерге ерекше назар аударып, адал көзқараспен қарау күтпеген жағдайларда қуаныш сыйлайтынын тағы бір дәлелдейді. Жұлдыз үшін бұл ұзақ уақыт есте қалатын шынайы Жаңа жылдық ғажайып болды.