+7 701 006 35 00

Moneyman төтенше жағдай кезінде озінің тұтынушыларына қолдау көрсетеді

Құрметті клиенттер!

Микроқаржыландыру мен цифрлық кредиттеу нарығының көшбасшысы болып табылатын «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» ЖШС (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Президентінің дағдарыстан зардап шеккен халыққа, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған бастамасын толық қолдайды. Осыған байланысты және «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының негізінде Компания келесі іс-шараларды қолданатын болады.

Тұрақсыздық төлемі

2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық микрокредиттер бойынша 2020 жылғы 16 наурыз – 16 маусым аралығында Компания мерзімі өткен негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша тұрақсыздық төлемін (айыппұлдарды, өсімпұлды) өтеуді талап етпейді.

 

Сыйақы

Төтенше жағдай режимі әрекет еткен кезеңде (16.03.2020-15.04.2020[1]) Компания күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асқан негізгі борыш және/немесе сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдері бар микрокредиттер бойынша сыйақыны өтеуді талап етпейді.

 

Жеке тұлғалардың жеке санатындағы клиенттердің төлемін кейінге қалдыру

Негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсыну туралы қарыз алушы өтінішін Компания 2 жұмыс күні ішінде қарастырып, 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығында жеке тұлғалардың келесі категориясына төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады:

 

  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
  • жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  • кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
  • оралмандар;
  • экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
  • мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
  • толық емес отбасылар жатады.

 

  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға;

 

  • «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыздарға.

 

Төтенше жағдайды енгізумен байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған жеке тұлғаларға сомаларды төлеуді тоқтата тұру

Сомаларды төлеуді тоқтата тұру себебі көрсетілген, ерікті түрде жасалынған қарыз алушының өтінішін Компания 10 жұмыс күн ішінде қарастырып, төменде көрсетілген себептер бойынша қаржылық жағдайы нашарлаған жеке тұлғаларға 2020 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығында сомаларды төлеуді тоқтата тұру мүмкіндігін ұсынады:

  • карантиннің енгізілуіне байланысты уақытша жұмысқа жарамсыз;
  • ақы төленбей еңбек демалысында жүрген;
  • жұмыстан шыққан, еңбек шартын бұзған және өзге еңбек шартын тоқтатқан;
  • жалақысы немесе өзге кірістері төмендетілген немесе төлеу тоқтатылған;
  • егер қызметкер аумағында төтенше жағдай және (немесе) карантин
  • қолданылатын жерге баруына (шығуына) шектеу қойылуына байланысты жұмыс орнында бола алмаған жағдайда;
  • қаржылық жағдайының нашарлауын куәландыратын өзге де себептер.

 

МАҢЫЗДЫ! Компанияда жеке тұлғаның қаржылық жағдайының нашарлауы жоқ екендігі туралы ақпарат болған жағдайда, Компания төлем сомаларын төлеуді тоқтата тұруды ұсынудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (оның ішінде дара кәсіпкерлерге) төлемін кейінге қалдыру

Компания шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды және өтінішті қарастырып, келесі шарттардың біреуін сақтаған жағдайда негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұруды ұсынады:

  • Қосымшаға сәйкес (хаттың соңындағы) экономика салаларында қызметті жүзеге асыру;
  • сатылған тауарлар және (немесе) қызметтер көлемін төмендетуді растаған, сатып алушылардан сомаларын төлеуді тоқтата тұруды өзгерткен (кейінге қалдыруған, тоқтатқан, қызметкерлердің штаттық санын қысқартқан жағдайда немесе төтенше жағдай режимі әрекет еткен кезедегі өзге объективтік себептер бойынша нашарлаған қаржылық жағдай.

МАҢЫЗДЫ:

  • «Тұрақсыздық төлемі» мен «Сыйақы» тарауларында көрсетілген іс-шараларды Компания біржақты тәртіпте өзі жүргізеді;
  • сомаларды төлеуді тоқтата тұру туралы өтінішті Компанияның anticorona@moneyman.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Қарастыру нәтижелері (мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім) қарыз алушы кредитке өтінімді берген кезде көрсеткен электрондық поштасына жіберіледі;
  • сомаларды төлеуді тоқтата тұру туралы өтінішті жіберу арқылы қарыз алушы Компанияға төлем кестесінің және мерзімі кейінге қалдырылған берешекті өтеу үшін жеткілікті мерзімге арттыру бөлігінде мерзімді ұзарту бойынша микрокредитті ұсыну туралы шарттың талаптарын біржақты тәртіпте өзгертуге келісімін береді;
  • Компания сомаларды төлеуді тоқтата тұруды қандай да бір комиссиясыз немесе өзге төлемдерсіз жүзеге асырады. Сомаларды төлеуді тоқтата тұруды Компания тікелей өзі делдалдарсыз жасайды. Осыған байланысты қарыз алушыларға қандай да бір делдалдардың қызметіне жүгінбеуге және үшінші тұлғаларға қандай да бір төлемдерді жүргізбеуге кеңес береміз.

     

Біздің қолдау көрсету қызметіміз тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл ретте қолдау көрсету қызметімен өзара әрекет ету байланыстың келесі электрондық арналары арқылы жүзеге асырылатындығына назар аударуды өтінеміз:

  • электрондық пошта support@moneyman.kz;
  • kz сайтындағы онлайн-чат;
  • Telegram қосымшасындағы чат (Компания сайты арқылы қол жетімді);
  • Viber қосымшасындағы чат (Компания сайты арқылы қол жетімді);
  • kz сайтындағы қарыз алушының жеке кабинеті арқылы хабарламалар.

 

 

 

 

Қосымша

Экономика салалары

  1. Сауда секторы, ойын-сауық-сауда орталықтарын жалға алушыларды қоса алғанда, халық тұтынатын тауарлардың дүкендері, тауарлар жеткізу тізбесі;
  2. Спорт, туризм және қонақ үй бизнесі, туроператорлар мен турагенттерді қосқанда;
  3. Азық-түлікті және дәрі-дәрмекті тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар

және жүк тасымалдау секторы;

  1. мейрамханаларды және кафелерді қоса алғанда, қоғамдық тамақтану секторы, тұрмыстық қызмет көрсету секторы:
  2. Театрларды, кинотеатрларды, фото- және бейне түсіруді, көрмелерді және конференцияларды қоса алғанда, бос уақытты және демалысты ұйымдастыру, мерекелерді ұйымдастыру, сән салондары және фитнес орталықтары.
  •  

 

 

 

[1] Төтенше жағдай режимінің әрекетін ұзартқан жағдайда, іс-шара тиісінше мерзімге ұзартылады.

Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
Moneyman төтенше жағдай кезінде озінің тұтынушыларына қолдау көрсетеді - Moneyman
163 голоса