+7 701 006 35 00

Жалпы декларациялауға өткенде салықтық шегерім өзгереді ме?

Жуықта жұмысқа орналастырылған азаматтар өздерінің кейбір шығындарын ішінара өндіріп ала бастайды. Жалпыға ортақ декларация толтыруға көшкен кезде салық шегерімдерінің несімен пайдалы екенін толығырақ айтып береміз.

Басында Қазақстанда кірістерді жалпыға ортақ декларациялауды 2017 жылдан бастап енгізу жоспарланған, алайда, бірнеше себептерге, атап айтқанда мұндай өзгерістерге салық жүйесінің дайын болмауына байланысты бұл жаңалықты 2020 жылға дейін кейінге қалдыруға шешім қабылданды.Қазақстанда декларациялауды енгізумен адамдарда салықтық шегерімдердің  арқасында төленетін салық сомасының азайту мүмкіндігі пайда болатыны қазір белгілі болды. Осылайша қазақстандықтар оқуға, медициналық сақтандыруға және ипотекаға кететін шығындарының бір бөлігін өтей алады.

Салық кодексіндегі өзгерістер

Жалпыға ортақ декларациялауды енгізумен байланысты 2015 жылдың қараша айында «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды. Басында ол ағымдағы жылы-ақ күшіне енеді деп көзделген, алайда мерзімі 2020 жылға ауыстырылды.

Осы заңмен жеке тұлғаларға арналған жеке табыс салығы бойынша жаңа салықтық шегерімдер енгізіледі, атап айтқанда:

  • Көп балалы отбасыларға арналған шегерім– оның көлемі ең төменгі жалақы мөлшерінің  24 есе көлемінен аспау керек (2017 жылы ол 24 459 теңгені құрайды);
  • Оқуды төлеуге шегерім – оның көлемі ең төменгі  жалақының 10 есе көлемінен аспау керек;
  • Медициналық қызмет көрсетуге салықтық шегерім — оның көлемі ең төменгі жалақының  10 есе көлемінен аса алмайды;
  • Сыйақылар бойынша салықтық шегерім – салықтық шегерімнің осы түрі бұрын ипотекалық несие ресімдеген қарыз алушылардың салықтық төлемдерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Салық салынатын соманы есептеу

Жаңа салықтық жеңілдіктердің енгізілуі себепті, 2020 жылдан бастап салық төленетін табыс көлемін есептеу формуласы да өзгереді.

Салық кодексінің 163-ші бабына сәйкес салық салынатын табыс былайша есептелетін болады: Табыс – Міндетті зейнетақы жарналары – Бұрынғы салықтық кезеңдерді түзету  – Міндетті медициналық сақтандыруға төленетін жарналар – Ағымдағы кезең үшін стандартты шегерім – Стандартты шегерімді ауыстыру сомасы – Көп балалы отбасылар үшін шегерім – Ерікті зейнетақы жарналары бойынша шегерім – Оқуды төлеуге шегерім  – Медицинаға шегерім – Сыйақылар бойынша шегерім – Сақтандыру сыйлықақылары бойынша шегерім – Өткен кезеңдердегі басқа да шегерімдер.

Осы кестені қызметкерлердің салық салынатын табыстарын есептейтін бухгалтерлер қолданатын болады. Адамдар үшін бұл – салық төленетін сома шегерімдердің сомасына кемитінін білдіреді.

Мысалы, адам 100 000 теңге көлемінде жалақы алады. Ай бойы ол 50 000 теңгені емделуге жұмсады. Табыс сомасын айқындау үшін, міндетті зейнетақы жарнасы ретінде 10 000 теңгені, емделуге кеткен 50 000-ды, және 24 459 теңге көлеміндегі 1 АЖ мөлшерін шегеру керек. Сонда қалатыны 15 541 теңге. Нәтижесінде  6554 теңге (егер салық салынатын табыс салықтық шегерімсіз 65 541 теңгеден ұсталатын болғандай) емес, 1 554 теңге мөлшерінде салық төлеу керек болады.

Салықтық шегерімдерді алу рәсімі

Салықтық шегерімдер ай сайын жалақы есептеген кезде ескерілетін болады. Ол үшін мынандай құжаттар керек:

  • Салықтық шегерімдерді қолдану туралы қызметкердің өтініші;
  • Растайтын құжаттар;
  • Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама (бұл құжат егер күнтізбелік жылдың ішінде қызметкер жұмысын ауыстырған жағдайда керек).

Салықтық шегерімдерді қолдану туралы қызметкердің өтінішімен жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама – заңнамалық деңгейде бекітілген стандартталған нысандар (ҚР ҚМ «Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманың және салықтық шегерімдерді қолдану туралы қызметкердің өтінішінің нысандарын бекіту туралы» бұйрығы).

Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
MoneyMan: Салықтық шегерімдердің көмегімен өзіңіздің шығындарды қалай өтеуге болады?
183 голоса