+7 701 006 35 00

Құпиялылық саясаты

Саясат «ФинтехФинанс» МҚҰ» ЖШС-ның негізгі басқарушы құжаты болып табылады.

Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – Саясат) moneyman.kz сайтында (бұдан әрі – Сайт) қолданылады және «ФинтехФинанс» МҚҰ» ЖШС және/немесе оның үлестес тұлғалары (бұдан әрі – Серіктестік) пайдаланушының ақшаны қарызға алуды қамтитын Серіктестік қызметтерін пайдалану немесе оған әрекеттенуі кезінде пайдаланушы туралы алуы мүмкін бүкіл ақпаратқа қатысты пайдаланылады.

Серіктестік қызметтерін пайдалану пайдаланушының осы Саясатпен және онда көрсетілген дербес деректерін өңдеу талаптарымен сөзсіз келісетінін білдіреді. Серіктестік біржақты тәртіппен осы Саясаттың бөлімдерін кез келген уақытта өзгерту, толықтыру және/немесе жою құқығын сақтап қалады. Саясаттағы барлық өзгертулер Сайтқа орналастырылған сәттен бастап бірден күшіне енеді.

Осы талаптармен келіспеген жағдайда, пайдаланушы Серіктестік қызметтерін пайдаланудан бас тартуы керек.

  1. Серіктестік алып, өңдейтін пайдаланушылар туралы дербес ақпарат

Пайдаланушы сайтқа тіркелгенде және сауалнаманы толтырғанда немесе қызметтерді пайдалану барысында өзі беретін өзі туралы дербес ақпаратты, соның ішінде пайдаланушының дербес деректерін Серіктестік жинап, сақтайды. Қарыз беру (қызмет көрсету) үшін міндетті ақпарат арнайы ерекшеленіп белгіленген. Басқа ақпаратты пайдаланушы өз қалауына қарай береді.

Сонымен бірге Серіктестік пайдаланушылар сайт парақшаларына кіргенде олар туралы сәйкестендірмейтін дербес ақпаратты жинау құқығын сақтап қалады. Бұл ақпаратқа IP мекенжай, cookie ішіндегі ақпарат, пайдаланушының браузері (немесе сайтқа кіретін басқа бағдарлама) туралы ақпарат, кіру уақыты, сұралған парақшаның мекенжайы, сондай-ақ пайдаланушының интернет қызметі провайдерінің домен атауы кіреді.

Серіктестік пайдаланушылардан жіберілген және келісілген офертаны қамтитын қызметтерді тікелей көрсетуге байланысты ақпаратты жинап, сақтайды.

Серіктестік пайдаланушы берген дербес ақпараттың шынайылығын тексеру құқығын сақтап қалады. Жалған ақпарат беру салдары Офертада (сілтеме) белгіленген.

  1. Пайдаланушы өзі берген дербес ақпаратты кез келген уақытта өзгерте алады. Сонымен бірге пайдаланушы көрсетілетін қызметтер аясында тараптар өз уағдаластықтарын орындағаннан кейін дербес ақпаратын жоюға құқылы.

Серіктестік алып, өңдейтін пайдаланушылардың дербес ақпараты
Серіктестік дербес деректерді Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес өңдейді. Өңдеу мақсаттарына сай дербес деректер ғана өңделеді. Серіктестікте өңделетін дербес деректердің мазмұны мен көлемі мәлімделген өңдеу мақсаттарына сәйкес келеді.

Серіктестік қарыз беру мақсатында дербес деректерді өңдеуді жүзеге асырады.

Серіктестік қызмет көрсету мақсатында пайдаланушыдан алған пайдаланушының кез келген дербес ақпараты пайдаланушының меншігі болып қалады. Серіктестікке өзінің дербес деректерін берген пайдаланушы Серіктестікке осы дербес ақпаратты заңды түрде пайдалану құқығын береді, атап айтқанда (соның ішінде, бірақ онымен шектелместен):

    1. Қарыз беру;
    2. Ақпаратты пайдаланушы рұқсатын алған соң үшінші тарапқа беру;
    3. Қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қадағалау;
    4. Жарнама ұсыныстарын, соның ішінде үшінші тұлғалардың ұсыныстарын көрсету.

 

  1. Пайдаланушының дербес ақпаратын өңдеу және оны үшінші тұлғаларға беру шарттары

Серіктестік дербес деректердің өңделуін ұйымдастырып, жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заң талаптарына сүйенеді.

Серіктестік пайдаланушының дербес ақпаратын үшінші тұлғаларға төмендегі жағдайларда беруге құқылы:

– беру пайдаланушыға қызмет көрсету үшін қажет және пайдаланушы осындай әрекеттерге келісімін берді;

– беру Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған;

– пайдаланушы жасалған Қарыз шартының талаптарын бұзған кезде Серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  1. Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау

Серіктестік пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық шараларын қолданады. Бұл шараларға ақпаратқа заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізу мүмкіндігіне жол бермеу шаралары, сондай-ақ оны жою, өзгерту, көшіру, тарату және/немесе қаскүнемдердің басқа да заңсыз әрекеттері кіреді.

Серіктестік жаңа технологиялардың дамуына қарай ақпараттық қауіпсіздік жүйесін тұрақты түрде нығайтып отырады.

  1. Кері байланыс

1) Саясат туралы қандай да бір сұрақ туындаса, пайдаланушылар бізге хабарласа алады.

2) Пайдаланушы жарнама сипатындағы ақпаратты алып тұрудан бас тартуға құқылы, ол үшін:

– өзінің электрондық поштасының мекенжайына жолданған хаттағы арнайы сілтемені басу керек; немесе

support@moneyman.kz электрондық поштасына хабар жолдау керек; немесе

Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
Құпиялылық саясаты - Moneyman
163 голоса