Жиі қойылатын сұрақтар
Заемды кім ала алады
Заем 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана беріледі.
Заемды алу үшінөтінім беру қажет, жүйе 1 минут ішінде шешім қабылдап, электронды поштаңызға хабарламаны жолдайды.
«ФинтехФинанс» МҚҰ» ЖШС өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады. Интернеті бар кез-келген елді мекенде отырып ақ онлайн-өтінімді беруге болады.
Өтінімді рәсімдеу және шешім қабылдау
MoneyMan тұрғындарға заемдарды ұсыну бойынша қызметі айқын, әділ және ашық негізде құрылған. Заемшымен заем сомасы, шарттың әрекет ету мерзімі және пайыздар, сондай ақ заем қаражатын пайдаланудың басқа да талаптары жазылатын шарт құрылады. Және ұсақ қаріппен жазылған ешқандай жасырын комиссиясыз. Өкінішке орай, еңбекақыға дейін біраз ақша сомасы қажет болған адамдар осындай «су асты тастарына» шалынып жатады. Күмәнді компанияларға барып, шарт талаптарын дұрыс оқымаған клиенттер нәтижесінде алғандарынан артығын жоғалтады.
Жүйенің қарапайымдылығы соншалықты, кез-келген пайдаланушы заемның калай рәсімделетінін түсіне алады:
- Алуға ниет білдірген соманы және мерзімдерді көрсетіп, сайттағы онлайн-нысанды толтырасыз
- Жүйе заемшыны талдайды және мақұлдаған жағдайда, әрбір адамға жеке шешімдерді ұсынады
- Сіз жеке кабинетте шарт талаптарымен танысасыз және SMS-хабарламадағы электронды қолтаңбамен өз келісіміңізді растайсыз.
Нысанда хабарламадағы кодты көрсету арқылы келісіміңізді растаған жағдайда ғана шарт күшіне енді деп есептеледі.
Өтінімді беру, шартты рәсімдеу және қол қою толығымен қашықтықтан жүргізіледі, бірақ процедуралардың барлығына не бары 15 минут уақыт бөлгеніңіз жеткілікті.
MoneyMan әзірлеген скоринг жүйесі, соның ішінде Бірінші Кредиттік Бюродан және зейнетақы қорынан алынған деректердің, заемшының сайттағы әрекеттерінің, әлеуметтік желілерден алынған деректердің және басқалардың негізінде шешім қабылдайды. Әрине, деректерді тексеру және өңдеу клиентке хабарлағаннан кейін және оның келісімімен жүзеге асырылады.
Қазақстанның кәмелет жасқа толған (18 жастан жоғары) азаматы MoneyMan компаниясында қысқа мерзімді заемды рәсімдей алады. Құжаттардың ішінен оған сауалнамадағы деректерді көрсету үшін жеке куәлігі қажет болады. Сізге құжатты сканерлеудің және скандарды жолдаудың қажеті жоқ, сіз өз бетіңізбен сайттағы нысанға деректеріңізді толтырасыз.
Қандай жағдайда заем алудан бас тартылуы мүмкін:
- сауалнаманы толтыру кезінде деректерде қателік жіберілсе;
- нысан толық толтырылған жоқ болса;
- көрсетілген банк деректемелері шот/банк картасы иесінің толық аты-жөні сәйкес келмесе;
- алаяқтық орын алса;
- үміткердің табыс көзі болмаған жағдайда;
- кредиттік бюродан алынған деректер заемшы жөнінде мүлдем теріс мінездеме берген жағдайда.
«Мани Мен» өтінішті беру және заем шартын рәсімдеу қарапайымдылығы бізге жаңа клиенттерді көптеп тартып келеді. Сіз де солардың қатарына қосылыңыз – біз бір күннің ішінде уақытша қаржы қиыншылықтарын шешуге көмектесеміз!
15 минут ішінде SMS келмесе, телефонды қайта жүктеу қажет. Егер қайта жүктегеннен кейін SMS келмеген жағдайда, өтінім түріндегі «Кодты қайта алу» опциясын пайдаланыңыз. Проблема қайталанған жағдайда, телефоныңыздың нөмірін көрсете отырып, бізге support@moneyman.kz хабарлаңыз.
Электронды поштадағы «Спам» папкасын тексеріп көріңіз. Егер онда хабарлама болмаған жағдайда, Сізге нақты қандай хаттың келмегенін көрсете отырып, бізге support@moneyman.kzхабарлаңыз.
Телефон арқылы өтінімді беруге болмайды, бірақ жедел телефон желісіне қоңырау шалып немесе онлайн-кеңесшіге (чат) хабарлассаңыз операторларымыз заем алуға өтінімді толтыруға көмектеседі.
Өзіңіздің туысқандарыңыздың мекенжайын берсеңіз де болады, ол өтінім бойынша шешім қабылдау кезінде маңызды мәселе болып табылмайды, немесе support@moneyman.kz пошта жәшігіне еңгізуге тырысқан мекенжайыңызды жіберіңіз.
Банк шоты иесінің Т.А.Ә. біздің сайттағы бейіннің Т.А.Ә. сәйкес болуы тиіс, әйтпесе қаражат аталған шотқа аударылмайды. Егер, дұрыс емес деректемелер көрсетілген өтінім мақұлданса, онда сіздің банкіңіз қаражатты 1-14 күн өткеннен кейін бізге қайтарады, содан кейін біз заемды қосымша төлемсіз жабамыз, және сіз дұрыс деректемелер көрсетілген жаңа өтінімді бере аласыз.
Өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат өтінімді толтырған кезде көрсетілген электронды поштаға жіберіледі, сондай ақ өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат жеке кабинетте көрсетіледі.
Біз өтінімде берілген байланыс деректері бойынша сізбен немесе сіздің жұмыс берушіңізбен байланыса алмағандықтан, заемды беру туралы шешімнің күшін жоюымыз әбден мүмкін. Жеке кабинеттегі бейін баптауларында толтырған деректеріңіздің дұрыстығын тексеруіңізді сұраймыз.
Егер активті емес түймешенің астында өтінімдерді беру лимиті туралы хабарлама тұрған жағдайда, келесі өтінімді соңғы бас тартқан күннен 30 күн өткеннен кейін беруге болады.
Өтінімнің мәртебесі «Өңделуде» немесе «Шешілмеген» деп тұрған жағдайда ғана өтінімнің күшін жойып көруге болады. Егер өтінімге «Активті» немесе «Процессинг» мәртебелері берілген жағдайда, оның күшін жоюға болмайды. «Өңделуде» немесе «Шешілмеген» мәртебеде тұрған өтінімнің күшін жою үшін бізге support@moneyman.kz жазыңыз.
Егер ақша сізге жіберіліп қойса, онда заемнан бас тартуға болмайды. Қаражатты алғаннан кейін сіз заемдымына тәсілдердің бірі арқылы мерзімінен бұрын өтей аласыз. Мерзімінен бұрын өтеу сомасын жеке кабинетіңізден біле аласыз.
Ақшаны алу
Сіз заемды жеке банк шотынан (төлем картасынан) ала аласыз. Кез-келген банк картасы банк шотымен байланысқан, сондықтан, егер сіз картаңыздың байланысқан шот нөмірін білмесеңіз, банкіңізге хабарласып, осы ақпаратты нақтылай аласыз. Маңызды: заемшының ТАӘ және шот иесінің ТАӘ сәйкес болуы тиіс, ондай болмаған жағдайда, сіздің банк бұл аударымның күшін жояды.
Қаражатты банк шотына (картаға) аудару сіздің банкіңіздің жұмыс жасау жылдамдығына байланысты 1 тәуліктен 5 тәулікке дейін банктің жұмыс уақытында жүзеге асырылады. Сондай ақ, сіз заемды рәсімдеу кезінде біз сіздің пошта жәшігіңізге жіберген офертада өзіңіз көрсеткен деректемелердің дұрыстығын тексере аласыз.
Заемды өтеу
MoneyMan онлайн-кредиттеу сервисін Қазақстанның ондаған мың тұрғындары пайдаланды. Клиенттеріміздің пікірлері қолжетімді, жедел қарызды алу және өтеу әдістерінің үлкен таңдауымен ерекшеленетін сервистің қолайлылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Біздің клиентіміз болуға келісімін берген «Мани Мен» қарыз алушысы заем сомасы мен пайыздарды толық көлемде және белгіленген мерзімде төлеуге міндеттенеді. Осы талаптардың барлығы несие алу шартында көрсетіледі. Қарыз алушы өзіне қолайлы өтеу әдісін таңдап ала алады:
- Қолма-қол ақша;
- Электронды ақша;
- Банк аударымдары;
- төлем картасы.
Біз Қарызды өтеудің бірнеше әдісін ұсынамыз. Электронды ақшамен төлем жасауға мүмкіндік беретін сервистердің бірін таңдай отырып сіз үйден немесе кеңседен шықпай, немесе дәмханада отырып төлем жасай аласыз, сөйтіп өз уақытыңызды үнемдейсіз.
Шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін есептелген пайыздарды есепке ала отырып, ақшаны қайтару жартылай немесе бір төлем арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Несиені қайтаруды соңғы күнге қалдырудың қажеті жоқ екендігін естеріңізге түсіреміз, өйткені егер техникалық себептер бойынша ақша уақыты түспесе, ол мерзімін өткізіп алу деп есептеледі. Электронды ақшамен немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысуға қарағанда, банк төлемі бір тәуліктен (жұмыс күндері) бірнеше күнге дейін (егер алда демалыс күндері болса) уақытты алуы мүмкін.
Көп жағдайда кредитті ұйғарылған мерзімнен бұрын төлеу мүмкіншіліктері болып жатады. Қарызды өтеу ережелеріне сәйкес клиент соманы кез-келген уақытта жартылай немесе толық өтей алады. Егер ол несиені минималды пайдалану мерзімінен бұрын болса (5 күн), онда өтелетін сома бес күндік мерзімге есептеледі.
Кейбір кезде әртүрі жағдайларға байланысты ақшаны уақытылы қайтару мүмкіндігі болмай жатады. Біз оны клиенттің қасақана қылық ретінде емес, мәселен еңбекақыны кешіктіру сияқты басқа себептердің салдарынан болғандығын түсінеміз. Бұндай жағдайда біз 1 аптадан 4 аптаға дейінгі мерзімге несиенің мерзімін ұзарту қызметін пайдалануды ұсынамыз.
Несиенің мерзімін ұзарту қызметін пайдалана отырып, сіз адал заемшының беделін сақтап қаласыз, ал біз өз кезегімізде айыппұл санкцияларын есептемейміз және сіздің кредиттік тарихыңызға теріс жазбаларды кіргізбейміз.
Егер Сіз кредитті мерзімінде өтей алмайтыныңызды түсінсеңіз, айыппұл санкцияларынан бас тарту үшін алдын ала шарт мерзімін ұзартқаныңыз дұрыс.
Біздің сервисімізді пайдаланыңыз және онлайн-несиенің– қолайлы екендігіне көз жеткізіңіз!
Мұндай жағдайда айыппұл санкциялары жүреді.
- 5000 теңге мөлшерінде бір реттік айыппұл есептеледі.
- Мерзімі өткізілген әрбір күн үшін заем бойынша күніне 0,01% мөлшерде пайыз есептеледі.
- Сондай ақ, негізгі қарыз сомасынан ғана күніне 2,74% -дан 3,24%-ға дейін мөлшерде қосымша айыппұл пайыздары есептеледі.
Мәселен:
Сіз 5 күнге 10 000 теңге мөлшерінде заем алдыңыз.
Мерзімін өткізіп алған сәтке дейін сіз соманың жартысы – 5 00 теңгені өтедіңіз. Сөйтіп, мерзімін өткізіп алған кезде сіздің қарызыңыз 5 00 теңгені құрайды.
Есептеу ережелеріне сәйкес сіз:
- негізгі заем бойынша 5 000 теңге қарызды.
- 5 000 теңге айыппұлды (бір жолғы).
- мерзімін ұзартып алған әрбір күн үшін негізгі заемнан 0,5 теңге мөлшеріндегі пайызды.
- мерзімін ұзартып алған кезеңге мерзімін ұзартып алған әрбір күн үшін қарыз сомасынан 162 теңге (5 000 теңге қарыздан 3,24%) төлеуіңіз қажет.
Айыппұл санкцияларын есептеу механизмі«Заемдарды ұсыну және қызмет көрсету ережелері» бөлімінде толықтай сипатталған. Айыппұл төлемеу үшін жеке кабинетте заемды ұзарту қызметін пайдалануыңызды сұраймыз.
Сіздің Т.А.Ә., екі байланыс телефон нөмірін (ұялы, үй) және жасалған операция туралы чектің сканерленген/фото суретін support@moneyman.kz электронды поштасына жолдауыңыз қажет, осы мәселені шешу үшін біз сізбен хабарласамыз.
Сіздің Т.А.Ә., екі байланыс телефон нөмірін (ұялы, үй) және жасалған операция туралы чектің сканерленген/фото суретін support@moneyman.kzэлектронды поштасына жолдауыңыз қажет
Moneyman.kz мамандары осы мәселені шешу үшін сізге хабарласады.
Жеке кабинетке кіру
Парольді қалпына келтіруқызметін пайдаланыңыз.
Егер сіз пошта жәшігіне кіре алмасаңыз, онда сізге сілтеме бойынша өтіп, аккаунт тіркелген электронды мекенжайды енгізу, және «Нұсқаулықты алу» түймешесін түрту қажет. Содан кейін пароль сіздің телефоныңызға келеді. Осыдан кейін аккаунт e-mail-ын және келген парольді пайдалана отырып, жеке кабинетке кіріп, «Бейін баптаулары» - «Байланыс ақпарат» түймешесін түртіп, e-mail-ды өзектіге өзгерту қажет. Содан кейін жеке кабинетте «Парольді өзгерту» түймешесін басып, міндетті түрде парольді өзгерту қажет.
Нөмірді өзгерту үшін бейінде көрсетілген телефон нөміріне келген SMS-те көрсетілген растау кодын енгізу қажет. Егер сіз осы телефон нөміріне қол жеткізе алмаған жағдайда, support@moneyman.kz электронды мекенжайына хат жолдай отырып, техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.
«Мани Мен» алғаш рет өтінген кезде moneyman.kz сайтында тіркелу рәсімінен өту және пайдаланушының жеке кабинетіне (ЖК) қол жеткізуге рұқсат алу қажет. Тіркелу кезінде сізге бұдан әрі жүйеге кіру үшін жеке логин мен пароль беріледі. Жеке кабинет клиент үшін көптеген мүмкіншіліктерді ашады. Ол арқылы сіз заемды рәсімдей аласыз және өтінімнің мәртебесін бақылай аласыз. Бұдан бөлек, ЖК қарыз алушыға қарызды өтеу мерзімдерін, қарыз қалдығын, есептелген пайыздарды қадағалап отыру мүмкіндігін береді.
Төлемді уақытылы төлеу мүмкіндігі жоқ па? Біздің сайтымыздағы дербес аккаунтта пайдаланушыға заем шартының мерзімін ұзарту мүмкіндігі берілген, сол жерде пролонгацияны есепке ала отырып, қайта есептеу жүргізіледі. Сондай ақ ЖК біздің клиенттерімізге сыйлайтын жинақталған бонустарды пайдалану мүмкіндігін береді.
Өз парақшасында пайдаланушы ашылған заем туралы, сондай ақ жабылған несиелер туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізе алады.
Қажет болған жағдайда, сіз бейіннің баптауларын ауыстыра аласыз және оның дұрыс толтырылғанын тексере аласыз. Дербес компьютерден және кез-келген ұялы құрылғыдан тәулігіне 24 сағат бойы кіруге болады.
Жеке кабинеттің функционалы ыңғайлы және интуициялық тұрғыдан түсінікті, сондықтан оны меңгеру қиынға соқпайды. Егер сізде сұрақтар болған жағдайда, + 7 (727) 225-14-27 телефоны бойынша біздің кеңесшілерге хабарласыңыз, техникалық сұрақтар бойынша support@moneyman.kz электрондық мекенжайына хабарласыңыз.
Жедел микрокредит нұсқасы жалақы — бұл оңай!
Рәсімдеңіз қарыз дәл қазір ақша болады, Сізде арқылы 10 минут!