Установить android banner
Moneyman
Официальное приложение stars

IDF Eurasia қаржылық сауаттылық бойынша тегін семинарларды өткізеді

Халық пен бизнеске арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар қараша айында Талдықорған мен Қапшағайда өтеді. Жобаны екі қаланың әкімдіктерінің қолдауымен Қазақстандағы IDF Eurasia тобы (Solva және MoneyMan брендтері) ұйымдастырады.

Жеке қаражатты дұрыс басқару машығы – заманауи адам үшін өмір бойы қажетті маңызды машық. Іс-шараның негізгі мақсаты – қаржы мен бюджеттік жоспарлау саласындағы халықтың жалпы білім деңгейін арттыру.

«Қаржылық сауаттылық бойынша жобалар әлем бойынша дамып келеді. Халықтың қаржылық білім деңгейі – экономиканың тұрақтылығының негізі. Тренингтер барысында қатысушылар өздерінің қаржылық жағдайын дұрыс бағалауды, қаражатты ақылмен жұмсауды және жеке қаражатты дұрыс сақтауды үйренеді» – деді өз сөзінде Қазақстандағы IDF Eurasia тобының (Solva және MoneyMan брендтері) операциялық директоры Далида Давлятшина.

Тілдесу барысында Далида Давлятшинка осы жылы тренингтер Талдықорған мен Қапшағай қалаларында өтетіндігі, ал келесі жылы оқыту семинарларын Қазақстанның барлық өңірлерінде ұйымдастыру жоспарланғандығы туралы айтты.

Оқытуды тәжірибелі мамандар өткізеді: жеке өсу мен қаржылық сауаттылық бойынша ко-жаттықтырушы Жанна Аринова және бизнес-жаттықтырушы, тиімді сату жетекшісі Галия Коянбаева. Галия Коянбаева 18 жылдан аса жобаларды басқару, тәуекелдік менеджменті, шағын бизнес кәсіпорындарының қаржылық көрсеткіштерін арттыру саласында жұмыс істеп келеді.

Семинарлардың нысаналы аудиториясы – қарапайым азаматтар ғана емес, сондай-ақ өңірлердегі кәсіпкерлер.

Осы іс-шараға қатысу қалалардың тұрғындарына дұрыс қаржылық жоспарды құруды үйренуге, отбасы және жеке бюджетті бақылауға, қаржылық құрал-саймандарды пайдалануды, кредит ұйымдарындағы пайыздық мөлшерлемелерді түсінуге, талдауға, сонымен бірге табыс пен шығынның есебін дұрыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер ақшаны қалай тиімді басқара отырып, сату көрсеткіштерін арттыруға, компания капиталын арттыруға, сонымен қатар тиімді инвестиция машықтарын алуға болатындығын түсінеді.

Қараша айында әрбір қалада 4 тренингтен өткізу жоспарланған. Қапшағай қаласында іс-шара 11, 21, 25 қараша мен 2 желтоқсанда өтсе, Талдықорған қаласында 13, 20, 27 және 28 қарашада ұйымдастырылады.

Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
IDF Eurasia қаржылық сауаттылық бойынша тегін семинарларды өткізеді - Moneyman
163 голоса