Solva $2,5 млн көлемінде қосымша капитал тартты
Қазақстандық Solva финтех-платформасы (Solva Group LTD) 2,5 млн АҚШ доллары көлемінде қосымша қаражат тартты. Қаражат бизнесті одан әрі дамытуға, ауқымын кеңейтуге және компанияның Қазақстанның қаржы нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталады.
Бұл қадам Solva-ның кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін технологиялық қаржы өнімдерінің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ бизнесті кезең-кезеңімен трансформациялауға бағытталған ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асырудың кезекті кезеңі болып табылады.
Компанияның түсініктемесі:
«2,5 млн доллар көлемінде қосымша капитал тарту Solva бизнесінің нық өсуін және серіктестер тарапынан көрсетілген сенімді айқындайды. Тартылған қаражат компанияның даму қарқынын сақтауға, жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге және нарықта бұдан ары сапалы түрде ауқымды кеңеюге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Solva баспасөз қызметі.
Компания туралы анықтама:
Solva Group LTD — Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген, Қазақстандағы Solva финтех-бизнесін басқаратын холдингтік компания. Қазақстандағы топтың операциялық құрылымы — «ОнлайнКазФинанс» Микрокредиттік ұйымы» АҚ. Компания нарықта 2016 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді, еліміздегі ірі банктік емес кредиторлардың қатарына кіреді және корпоративтік облигацияларын орналастырған алғашқы отандық МҚҰ болып табылады.