+7 701 006 35 00

Solva 3 млрд теңге пайда тапты: бұл ШОБ қарыз алушылары үшін нені білдіреді? 

Solva финтех-компаниясы бизнес-моделін трансформациялаудың аралық қорытындыларын жариялады. Тоғыз айдағы тапқан таза пайдасы 3 млрд теңгені құрады. 

Компания инвесторлары мен кредиторларына 8,84 млрд теңге төледі. Оның ішінде 4,76 млрд теңге негізгі борышты өтеуге жұмсалды. 

Solva тартылған қаражатты шағын және орта бизнесті қаржыландыруға бағыттайды. Есепті кезеңде тартылған жаңа қаражат көлемі 3 млрд теңгені құрады. Несие беруге қажетті өтімділікті қамтамасыз ету үшін компания шығындарын оңтайландырды: ұйымдық құрылымын қайта қарап, қайталанатын функциялардан бас тартты, жалдау шығындарын қысқартып, жасанды интеллектті қолдану арқылы еңбекақы төлеу қорын 20%-ға азайтты. 

Оңтайландыру нәтижесінде үнемделген қаражат кредит беруді белсенді дамытуға негіз қалады. Өнімдер қатарына автокредит пен автокөлікті кепілге қойып берілетін қарыздар, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті кепілге қойып берілетін кредиттер қосылды. ШОБ-ты қаржыландыру тәсілдері де кеңейіп келеді: Solva факторинг бойынша алғашқы мәмілесін жасады. Қарағандыдағы «Британский квартал» тұрғын үй кешенімен серіктестік те жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді кәсіпкерлер кешен аумағынан бизнес жүргізуге арналған кәсіпкерлік нысандарды бөліп төлеу шартымен сатып ала алады. 

«Кепілмен несиелендіруді дамыту — ірі сомадағы қарыз беруге және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға жасалған қадам. Трансформацияның бастапқы кезеңінде біз қаржылық тәртіпке басымдық бердік. Сонымен қатар қызмет көрсетуден бастап кредит беруне қатысты шешімдерге дейінгі операциялық модельдің негізіне ЖИ енгізуді қолға алдық», — деп атап өтті Павел Кравченко.