+7 701 006 35 00

Solva трансформациясы: қаржы AI-платформаны құру үшін акционерлер ауысып, жаңа команда құрылды

Solva финтех-тобы кредиттерді дәстүрлі түрде беруден бас тартып, шағын және орта бизнеске арналған IT-платформаға айналуды жоспарлап отыр. Компания жасанды интеллект негізінде кәсіпкерлерге арналған қаржы жүйесін іске қоспақшы. Осы жаңа міндетке байланысты Solva акционерлер құрамын өзгертіп, жаңа басқару командасын жасақтауда.
 
Меншік иелерінің ауысуы және локализацияның аяқталуы
Компанияның қазіргі акционерлері әрі негізін қалаушылар Александр Дунаев және Борис Батин Solva компаниясындағы өздерінің 49%-дық үлесін сатып, Solva капиталының құрамынан шығады. Олар халықаралық жобаларға назар аударуды жоспарлап отыр. Үлесті сатып алушы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында тіркелген AG Holding Ltd компаниясы. Үлесті қаржы орталығының құрылымы арқылы шоғырландыру компанияға бизнесті локализациялау процесін аяқтауға мүмкіндік береді. Барлық қажетті рұқсат құжаттары алынғаннан кейін мәмілені жыл соңына дейін түпкілікті жабу жоспарланып отыр.
Solva компаниясының 40% үлесімен негізгі стратегиялық инвесторы ретінде Neo Crystal Holdings Ltd. компаниясы қалады. Бұл қордың негізін қалаған әрі бүгінде де оны қолдап отырған — Sawiris отбасы. Олар бағалы металдарды өндіру, телеком, жылжымайтын мүлік және бүкіл әлемдегі инвестициялар саласындағы активтердің әртараптандырылған портфеліне ие халықаралық конгломерат иелері.
 
Жаңа команда және B2B-сервистерге басымдық
Жаңа платформаны жаңартылған команда құратын болады. Solva Group Ltd компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы болып Ғалым Құсайынов, ал бас директоры болып Тимур Ишмуратов тағайындалды. «ОнлайнКазФинанс» МҚҰ» АҚ Басқармасын Павел Кравченко басқарады.
Жаңа топ-менеджменттің алдағы кезеңдегі негізгі міндеті – цифрлық B2B-сервистерді барынша жылдам іске қосу үшін бизнесті технологиялық тұрғыдан қайта құру. Компания ішкі процестерін трансформациялап, классикалық қаржылық модельден өнімге бағытталған IT-шешімдерге көшуі тиіс.