Финтех-экожүйенің жаңа бағыты: Solva акционерлері Қарағанды өңірінің құрылыс секторына инвестиция салуда
Solva финтех-компаниясының құрылтайшыларының бірі – AG Holding инвестициялық тобы ірі стратегиялық мәміле жасалғанын жариялады. Ортақ құрылтайшылардың бастамасымен Eurasia Building танымал құрылыс компаниясы финтех-платформаның серіктесіне айналды.
Аталмыш девелопер Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде ірі жобаларды сәтті іске асырды. Олардың қатарында «Комфортный дом в Новом Городе», «Комфортный дом в Новом Центре», «Стильный Комфортный дом» және «Шаңырак» сияқты танымал тұрғын үй кешендері бар.
Осы серіктестіктің арқасында құрылыс компаниясы Қарағандыда жаңа ауқымды флагмандық жобасын, яғни «Британский Комфортный квартал» тұрғын үй кешенін іске қосуға мүмкіндік алады.
Бұл мәміле құрылыс пен қаржы технологиялары салаларының өзара ынтымақтастығына жол ашады. Ортақ құрылтайшылардың қолдауымен құрылыс саласындағы тәжірибе мен Қазақстандағы финтех нарығы көшбасшыларының бірінің мүмкіндіктерін біріктіру Қарағандының қалалық инфрақұрылымын дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Құрылыс компаниясының Solva-мен бірлескен инвестициялық ортаға қосылуы жылжымайтын мүлік сатып алушылары мен шағын бизнес өкілдеріне қаржыландырудың жаңа әрі тиімді құралдарын ұсынуға жол ашады.
«Solva-да біз ірі сомадағы кепілмен берілетін қарыздар өнімдерінің қатарын белсенді түрде кеңейтіп жатырмыз. Қарағандыдағы стратегиялық серіктестік – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі, – дейді Қазақстандағы Solva финтех-компаниясының басшысы Павел Кравченко. – Біздің мақсатымыз – жаңа тұрғын үй кешенінің сатып алушылары мен тұрғындарына классикалық ипотека мен стандартты банк кредиттеріне балама болатын икемді финтех шешімін ұсыну. Келісім аясында Solva жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді қаржыландырып, тұрғын үй кешенінің коммерциялық инфрақұрылымын дамытуға атсалысады».
Сонымен қатар ол: «Кепілмен кредит беру бағытын дамыту арқылы біз ірі сомадағы қаржыландыруға және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға басымдық береміз. Біз ипотеканы алмастыруды көздемейміз. Біздің мақсатымыз – бизнес пен жеке тұлғаларға иелігіндегі мүлкін кепілге қойып, қажетті қаражатты жылдам алуға мүмкіндік беру. Бұл қаражатты жаңа пәтерді қолма-қол ақшаға сатып алудан бастап, тұрғын үй кешені аумағында коммерциялық нысан ашуға дейінгі ауқымды мақсаттарға жұмсауға болады», – деп атап өтті.
Solva технологиялары мен Eurasia Building компаниясының жылдар бойы қалыптасқан тәжірибесінің үйлесуі жаңа жобаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны жоғары қарқынмен іске асыруға ықпал етеді. Рахимов және Дүйсембеков көшелерінің қиылысында салынып жатқан «Британский Комфортный квартал» кешені Қарағанды үшін бірегей сәулет нысаны болмақ. Жоба Hyde Park стиліндегі жабық әрі қауіпсіз аумақ концепциясында іске аспақ. Сондай-ақ нарықта сирек кездесетін шешімдерді, атап айтқанда жеке террасалары бар және камин орнату мүмкіндігі қарастырылған пәтерлер ұсынылады. Бұдан бөлек, тұрғын үй кешенінің аумағында дамыған стрит-ритейл ішкі инфрақұрылымы қарастырылған. Жетекші финтех-платформамен серіктестік болашақ тұрғындарға инвестициялардың жоғары сенімділігі мен жайлылықтың жаңа деңгейін ұсынады.