+7 701 006 35 00

MoneyMan.kz: онлайн-несиелеу сервистерін пайдаланушылардың 54,3% жаңа жылдық мерекелерде шетелге кетеді.

Елдегі онлайн-несиелеу сервисінің алғашқы және ірісі MoneyMan.kz-тің зерттеу нәтижелеріне сәйкес, компания клиенттерінің 54,3% өздерінің демалыстарын шетелде өткізуді жоспарлайды.  Сауалнама Қазақстанның барлық аймақтарында MoneyMan.kz-ке тіркелген клиенттерінің арасында жүргізілген. Оған 30000 аса адам қатысты.  Респонденттерге екі сұрақ қойылған: демалуға қанша қаражат жұмсауды жоспарлап отыр және жаңа жылдық мерекелерде қайда баруды көздеп отыр.

Клиенттердің ширек бөлігі саяхаттауға 250 000 астам теңге жұмсайды.

Зерттеу деректері бойынша респонденттердің 11,3% бөлігі жаңа жылдық саяхаттарына 50 000 артық емес тенге жұмсауды көздеген. Сауалнамаға қатысқандардың  14,7%  – 100 000 жуық ақша жинаған. Респонденттердің бірдей саны, атап айтсақ 15,4%,  демалуға 150 000-ға дейін және 200 000-ға дейін тг жұмсаймыз деп отыр. Сауалнамаға қатысушылардың тағы да 18,8% қатысушылары қысқы демалысқа 250 мың теңгеден артық ақша жұмсамайды. Орташа бюджет 250 мың теңгеден астамын клиенттердің 24,4%  ұстанып отыр.

Клиенттердің 36 пайызы жаңа жылдық каникулдарын жылы жақтарда өткізеді.

Сондай-ақ  MoneyMan талдаушылары клиенттердің жаңа жылдық каникулдарын қайта өткізгісі келетінін білді. Белгілі болғаны, респонденттердің  23,2% жуығы мерекелерде саяхатқа шығуды жоспарлап отырған жоқ, ал қалған 76,8%  елдің ішінде немесе шетелге кетуді көздеп отыр.

Егер жазғы демалыскезеңінде компания клиенттерінің 22,4% ғана өздерінің демалысын шетелде өткізуді жоспарласа, жылдың аяғында олардың саны 2,42 есе өсті және компания клиенттерінің жалпы санының 54,3% құрады.

Демалу үшін ең тартымды бағыттар Ресей мен Тайланд болды. Бұл жерлерде тиісінше респонденттердің 13,9% және 12,8% демалатын болады.

10,3% жуығы Түркияға жол жүреді, ал клиенттерддің 7,7% пайызы демалатын БАЭ мен онлайн-несеиелеу сервисін пайдаланушылардың 5,1% қабылдайтын Үндістан тартымдылығы едәуір төмен елдер болды. Еуропа курорттарында пайдаланушылардың  4,5%. қысқы каникулдарын өткізуді жоспарлаған.

Респонденттердің біршама бөлігі Қазақстанда қалады, ол ішкі туризмге ынта қойған 22,5% пайдаланушылар. Олардың жоспарында әр түрлі экскурсиялық турларға қатысу, отандық тау курорттарында болуы, сондай-ақ басқа қалалардағы туыстары мен достарына бару.

Осы зерттеулердің нәтижелері онлайн-несиелеу сервистері клиенттерінің тұрақты табыстарының бар екені және олардың өздерінің демалыстарына маңызды көлемде қаражат салуға дайын екендіктері туралы айтады.

«Өздерінің демалыстарын басқа елдерде өткіземіз деп шешкен клиенттер санының артуы, бірінші кезекте елдегі экономикалық жағдайдың, сондай-ақ теңге бағамының ірі шетел валюталарына қатысты тұрақтануымен байланысты», – деп атап өтті MoneyMan.kz онлайн-несиелеу сервисінің бас директоры Андрей Игнатенко.

Рейтинг пользователей для данного продукта
star
star
star
star
star
5
MoneyMan-нің статистикасы: 54,3% қарыз алушылар жаңа жылдық мерекелерде шетелге кетеді!
183 голоса